Алтын ақшалық күнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік істердс, зергерлік бұйымдарға қолданылады. Кен орны Алтын кені мол кездесетін ТМД аймақтары: Орал таулары, Қазақстан, Сібір. Алыс шетелдерде Аляскада, Колорадода (АҚШ), Африкада, Австралияда т. б. көп бар. Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай, тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі металдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді.» Тас ғасырында-ақ алғашқы табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен күміс болатын. «Металдар» деген сөздің өзі ертедегі гректің осыған үндес «іздеу» деген сөзінен шығуы мүмкін. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстарынан бөліп алуды үйренді. Мәселен, мыс біздің заманымызға дейінгі ІV мыңжылдықта алынса, келесі ІІІ мыңжылдықта оның орнына мысқа қарағанда беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп, мыс дәуірінің орнын қола дәуірі басты. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды. Біздің заманымыздың бас кезінде небәрі жеті металл белгілі болса, ХVІІІ ғасырда оның оң жетісі ашылды. Басқа металдарды алу үшін ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің дамуы қажет еді. Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мәселен, ядролық реакциялардың көмегімен табиғатта кездеспейтін көптеген радиоактивті жасанды элементтер алынды [1]. Сілтілік және сілтілік-жер металдарға литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций, магний, кальций, барий жатады. Бұл металдар – ең белсенді металдар, күшті тотықсыздандырғыштар. Алтын (Аu-аурум) – латынша аурум сөзі «таңертеңгі таң шапағы» деген мағынаны білдіреді. Ертедегі қазақтар алтынды күнге теңеген. «Күн – көк жүзінің патшасы болса, алтын – жердегі тіршілік иесінің патшасы» деп ұқты. Ол негізгі тауар айналым құралы болды. Барлық зат, бұйым, мол байлықтың өлшемі алтын болды. Ең жоғарғы жетістік, ерліктерді алтынға балады және сонымен марапаттаған. Алтын үшін қиян-кескі ұрыстар, қан төгістер болды. Күміс (Аg-аргентум). Санскрит тілінде ашық ақ түс деген мағынаны білдіреді. Күміс адамзат баласына алтын мен мыстан кейін таныс болған. Өте ертедегі күміс ыдыс – Ур қаласындағы күміс құмыра. Күміс ыдыста құйылған су көпке дейін бұзылмайды. Себебі, күміс иондары судағы бактерияларды жояды. Құрамында күміс иондары бар минералды сулар асқазан ауруын жазатын бірден-бір дәрі. Қазақ күмісті айға теңеген. Күміс тұрмыста бұйымдар, әшекейлік заттар үшін қолданылады бірден-бір дәрі. Қазақ күмісті айға теңеген. Күміс тұрмыста бұйымдар, әшекейлік заттар үшін қолданылады Назар аударғандарыңызға Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |