Батыр інім Бауыржанға:
«Советтің саналы ер еркегі» деп,
Жігіттің көз қызығар көркемі деп.
Бауыржан Момышұлы жер жүзінде
Тарапты барлық елге ертегі боп.
Барсам да қай құрлық, қай аралға,
Заманнан аз
хабары бар адамда,
Білмейтін Бауыржанды жан көргем жоқ,
Мен бұған қуанам да, таңданам да.
Ауылдың қалды көбі аумағында...
Бауыржан «Катюшадай» лаулады да,
өртесті
фашистерді, сондықтан да
Таниды досы түгіл, жау жағы да.
Батыста, жүрген ғылым тереңінде,
Ақылын, өжеттігін, өнерін де,
Жыр етіп Бауыржанның батырлығын,
Танида бір-ақ шындық көлемінде.
Фашисті бұл батырлар қырып-жойды,
Азамат болды істері абыройлы.
Құрметтеп сондықтан да Бауыржанға,
Жатырмыз тоқсан жаста жасап тойды.
Шашуым осы-ақ болды тойға дайын,
Ел сүйген ерді мен де аймалайн!
Бауыржан, ата-анаңа алғыс айтып,
Советтен сені өсірген айналайын!
Бір дауыл сыпырды кеп өрт теңізін,
Теңселіп темір топан дүние жүзін.
Бетіне туған жердің өшпестей ғып,
Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.
Нақты сол кез естідім мен ер дүбірін,
Атағы алдын алып келді бұрын.
Үстінде
туған елдің тұрды толқып,
«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.
«Батырым – Бауыржаным»,-дейді халқым.
Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын.
Келешек келе жатқан көремін деп,
Тік бсып туған жерде тұрды қалқып.
Ағамыз асқар тауға тең,
Жау келсе, жаубүйректей етер жаукем.
Емендей ерегісер сұрапылмен,
Басымен
бұлтты жайпап біздің Баукең
.
Қалижан Бекхожин Бауыржан Момышұлымен ұзақ жылдар бойы сырлас, сыйлас болған. Досына арнап «Атыңды мен естідім» деген өлең жазған.
5-оқушы: Жамила Егенбердиева – Ұлттық кітапхананың қызметкері. «Аға даңқы» өлеңін Баукеңнің алпыс жасқа толу қарсаңында жазған.
Аға даңқы.
Тар жолда оттан, оқтан тартынбаған,
Тар жолда сенген еді халқың саған.
Сондағы
батыр тұлғаң көз алдымда,
Майданда ақ семсердей жарқылдаған.
Мұғалім:
Міне, көрдіңдер ме, Бауыржан аталарың қандай болғанын, өзі өлсе де, халқы, артындағы
ұрпақтары сағына жырлап, еске түсіреді. Ал, Бауыржан аталарың мына сендердің батыл, ержүрек, ақылды, білімді болып өсулеріңе зор мән беріп, артында көптеген ұлағатты сөздер қалдырды. Қамқор болды,
бата берді, өсиет айтты. Онымен танысу үшін Бауыржан атаның бір қоржынын ашалық. (Қағаз қалтаны ашып, ішіндегіні балалар алып оқып, мәнін түсіндіреді)
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері.