Мұғалімнің аты-жөні Білім беру ұйымның атауы



Дата24.11.2023
өлшемі15.91 Kb.
#484349
эссе 6 мектеп




Мұғалімнің аты-жөні

Білім беру ұйымның атауы

Ерменова Майра Томановна

Лисакв қаласы білім бөлімінің «№6 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Ерлерді ұмытса да жер, ел ұмытпас ...


(Мағжан Жұмабаев)

Эссе
««Қазақ» газеті және Ахмет»


Қостанай өлкесі ұлы есімдерімен даңқы шыққан бай жер. Ахмет, Ыбырай, Шоқан ... Ахмет дегенде көз алдымда байсалды, сауатты, зиялы, ұлт жанды, көзілдірік киген кісі көрінеді.
«Ұлт ұстазы» атанған Қазақстан тарихы, тілі, әдебиеті үшін оның орны, сөзсіз, ерекше. Тәуелсіздікке жол ашқан, «Алаш орда» партиясының белсенді мүшесі, сонымен қатар «Қазақ» газетінің ұйымдастырушыларының бірі және сол газеттің бас редакторы болған Ахмет өзі жоғары мәдениетті азамат болғандықтан, қараңғы халықты газет арқылы жарыққа шығару жолы ретінде түсінген. «Газет - халықтың көзі, құлағы, һәм тілі». Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды» сөздермен мысал келтірген.
Ахмет есімі және «Қазақ» газеті менің түсінігімде біртұтас. Жиырмасыншы ғасырдың басында «Қазақ» газеті ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымы болып, көптеген функциялар атқарған: ұлттық рухты ояту, халықты сауаттылыққа шақыру. Ахмет және оның серіктестері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов арқасында «Қазақ» газетінің өз типографиясы болды. Газет сегіз мың данада шыққандығын білеміз.
Қазақ халқы өз ұлдарын ұмытқан жоқ. Ахмет атында Қостанай қаласында көше, университет бар. Мен аталған университеттің түлегімін! Алматы қаласында Тіл білімі институты абыройлы атамыздың ісін жалғастырып жатыр.

Қазақтың мақтанышы!


Ұлтының қамын оойлаған,
Халқын білімге шақырған,
«Ұлт ұстазы» атанған.
Мәңгі қалар сіздің істеріңіз,
Өшпес адал еңбегіңіз.
Бүгінгі бақытты өміріміз үшін
Сізге тағзым!

Пайдаланылған әдебиет:


https://u-s.kz/publ/5388-ahmet-baytrsynly-zhne-aza-gazet.html

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет