Тақырыбы: Қауіпті апаттар. Халықты қауіпті апаттардан қорғау жолдары. Сел. Су тасқыны. Жер сілкінісі. Қар көшкіні. Тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі267.6 Kb.
#472527
1   2   3
2 Тапсырма

2. Жер сілкінісі.Су тасқыны.
Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер 
сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен 
болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу 
түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының 
қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге 
ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай 



зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық 
станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса 
үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын. 
Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. 
Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа 
бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез 
еруінен; 2) қуалай соққан желдің әсерінен және өзеннің теңізге құятын 
сағаларында; 3) су астында жер сілкінудің салдарынан пайда болады. Мұнда 
аса ірі толқындар көтеріліп, жойқын кушпен жағалауға соғады, толқынның 
биіктігі 15-30 метрге дейін кетеріліп, таралу жылдамдығы сағатыпа 400-800 
километрге жетуі мүмкін. Су тасқыны белгілі дәрежеде алдын ала болжауға 
болады, мұның өзі күні бұрын алдын алу шаралары комплексін жоспарлап, 
іске асыруға мүмкіндік беріп, құтқару жұмыстарын жургізуге қолайлы жағдай 
жасайды. 
2. Сел. Қар көшкіні.
Сел – бұл қысқа мерзімді, лай мен тас араласқан, таулы жерлерде 
болатын су тасқыны. Олар еріген қар мен мұздың, жауын-шашынның 
салдарынан тау өзендерінің тасуы негізінде болады. Қазақстанның таулы 
аймақтарындағы сел тасқындары жылдың жылы мезгілдерінде (мамыр-
қыркүйек) болады.Сел тасқынының биіктігі 10-20 метрге дейін барады. 
(жекелеген жағдайларда 40-50 метрге дейін жетеді), жылдамдығы тау 
өзендерінің жылдамдығына жақын (3-5 м/с артық). Сел тасқынынан аман қалу 
мүмкін емес, сондықтан сел қаупінің алдын алу шараларына үлкен мән 
беріледі. 
Сел қаупінің белгілері: 
1) Сел қаупі басым аймақта нөсер жаңбырдың жиі жаууы; 
2) Ауа температурасының тез әрі ұзақ уақыт жылы болуының салдарынан 
таудағы көлдердін суға толып, сел қаупі бар өзендердің тасуы; 
3) Көлдегі су деңгейінің тез төмендеуі немесе оның бетінде өзен дамбысын 
бұзатын қуыстың (воронка) пайда болуы. 
4) Көл дамбысын бұзуға әкеліп соғатын жер сілкінуі. 
Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары: 
1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз. 
2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз. 
3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз. 



4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның 
соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін. 
5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық 
кемінде 20-30 м болға тиіс. 
Қар көшкіні– тау шыңдары мен беткейлеріндегі қар және мұздықтардың 
қозғалуы, төмен қарай сырғуы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға 
аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық 
қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде 
қиыршық горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар көшкінінің 
көлемі 2 млн м
3
ге жетеді. Ұру күші 1м 2ге 60— 100 тонна. Қар көшкіні 
құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті.Қар көшкіні – тау бөліктерінен 
қалың қардың опырылып құлауы. 
Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар 
Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-
ботаникалық 
жағдайымен 
байланысты. 
Қар 
көшкіні 
наурыз, 
сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% 
-дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-
қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз 
тоннаға дейін жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет