Тақырыбы: «Қазақ елі менің Отаным» (25-қазан Республика күніне арналады) Дайындаған: Ажибаева А. М; Мусина Г. Е. 2023 – 2024 оқу жылы Тақырыбы



бет3/4
Дата05.03.2024
өлшемі57 Kb.
#494405
1   2   3   4
25-қазан Республика күніне арналған шара «Қазақ елі менің - Отаным»

І. Жүргізуші:
Теңге.
Шыныменен Алла рахым берді ме?
Қазғымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.
Қолды жаймас, кезегіне келді ме?


ІІ. Жүргізуші:
Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдып, қазақ тілі - мемлекеттік тіл дәрежесін алды.


І. Жүргізуші:
Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.


ІІ. Жүргізуші:
Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана алады.


І. Жүргізуші:
Елім менің!
Қазақстан - менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Елім менің атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.
Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,
Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.
Қазақстан, менің Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!


ІІ. Жүргізуші:
Қазақстан - туған Отан алтын бақ, Қазақстан - мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан - бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан - көпті көрген қария, Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!


Мереке тарихы. Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет