2.Ағарту мекемелері жүйесінің кеңеюі.Емтихан сынақтарының енгізілуі.Ұлттық мектептерге орыс тілі пәнін енгізу.
1944 жылдың аяғында КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамына 16 институт және 7 сектор жұмыс істеді , ғылым проблемаларының өрісі кеңіді . Зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы 11 есе көбейді . 1945 жылдың аяғына қарай Қазақстанда барлығы 75 ғылыми мекеме , лоборатория ) станцилары бар еді . Соғыс жылдары халықшаруашылық және әскери маңызыбар 160 - тан аса практикалық ұсыныс жасалынды.
1945 жылы қазанда құрылған Ұлттық Ғылым академиясы республиканың мәдени өміріндегі маңызы зор құбылыс болды . Мұнда ғылыми кадрлардың қалыптасуы мен ғылымның дамуында эвакуацияланған ғылыми күштердің көрсеткен көмегі айтарлықтай болды , ал бұл күштер аз емес еді : 20 - дан астам ipi - ipi ғылыми - зерттеу институттары , солармен бірге академиктер И.И.Мещанинов , Л. И. Прасолов , А.С. М.М.Завадский және басқа көрнекті ғалымдар бұл кезеде республикамызда тұрып жатқан . КСРО ҒА президент В. Л. Комаров бастаған аса көрнекті ғалымдар тобы осындай жұмыс істеді . Халыққа білім беру . Жоғары мектеп . Соғыс кезіндегі орасан зор қиыншылықтарға қарамастан халыққа білім беру ісіне зор қамқорлық жасалынды . 1943 жылғы қаңтардан басып барлық мектептерде , техникумдар мен жоғары оқу орындарында оқитын қазақтарды , басқа да шығыс халықтары өкілдерін оқығаны үшін ақы төлеуден босату қамқорлықтың айқын айғақтарының бірі болды . Жұмысшы жастардың кешкі мектептері жүйесiн кеңейту , оқушы кадрларды даярлау , тиiстi максатында пайдаланылмай келген мектеп үйлерін қайтарып беру тәртібі жөнінде нақты шаралар жуге асырылды . Қазақ интеллигенциясы кадрларының өсуінде , ғылым мен мәдениеттің дамуында жоғары мектеп пен техникалық орта оқу орындары - Алматы шетел тілінде , Шымкент технологиялық , Дене тәрбие институттары , Алматы консерваториясы , Педагогикалық қыздар институттары ашылды . Студенттердің саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін көбейді . Республикада білікті кадрлар даярлауда эвакуацияланған оқу орындары ( 20 - дан астам жоғары оқу орындары мен 16 техникум еді , олардың 11 - і Алматыда болатын ) едәуір жұмыс атқарды . Жоғары оқу орындарының ғалымдары кадрлар даярлаумен бірге қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының заказдары бойынша ғ ылыми зерттеу жұмыстарын да жүргізді . Қазақ әдебиті Қазақстанның жазылушылары мен ақындары өздерінің патриоттық борыштарын лайықты орындады , олардың 90 - ға жуығы майдандары жэне жау тылында жаумен шайқасты . Әдебиеттің өзекті тақырыбы отанды қорғау болды . Майдангер жазушы Б. Бұлқышевтың публицистикалық туындыларында жауды талқандаудағы бұйрығы жастардың қаһарманды бейнесі жасалды Жамбылдың " Мәскеуге " , " Батырдың ұрпағы ” .“ Отан бұйрығы " , Ленин қаласының шапағаты " секілді “ Ленинградтық өренім " атты өлеңі кең тарады .
Достарыңызбен бөлісу: |