Тақырыбы: «Қазақтың фольлорлық үлгілері» Топ: Фил(Қ) 101 Орындаған: Мусина Б. А павлодар 2022 Мазмұны Кіріспе



бет2/2
Дата28.06.2022
өлшемі41.02 Kb.
#459527
1   2
Реферат Баха практика

Қортынды
Фольклоруың халықтығы. Кез келген фолъклор үлгілері - нақты бір халықтың ортақ рухани-мәдени мұрасы. Олар сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін - эстетикалык және тарихи талап-талғамдарын аңғартады. Авторсыздығы (анонимдігі). Фольклор үлгілері бүтін бір этникалық топ, ел, халық ендеуінен өткен ұжымдық шығармалар болып саналады. Көпнұсқалығы (варианттылығы), яғни ел арасында кең тараған бір шығарманың бірнеше нұсқаларының қатар өмір сүруі. Дәстүрлілігі. Фольклор шығармаларының өмір сүретін әртасы - дәстүр. Музыкалық дәстүр жоқ жерде фольклор үлгілері де болмақ емес. Ауызекілігі. Фольклор өте ерге замандарда туып, жазба мәдениеттен көп бұрын қалыптасқан мәдени құбылыс. Олар ауыздан-ауызға, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпақка беріліп отырған. Осы ерекшелыіне орай ол заманның адамдарының есте сақтау қабілеті айрықша дамыған. Фольклор шыгармалары бірде прозалық, бірде поэзиялық жанр ретінде қалыптасқан. Олардың өздеріне ғана тән көркемдікерекшеліктері болады. Олар мотив, сюжеттік деңгейде айқындалады. Фольклор туындыларың қатарында синкреттік сипаты басым,міндетті түрде музыкалық әуен-мақаммен айтылатын Олардың табиғаты осы тұтастықта ғана қарастырылуы шартапрлар да бар. Тарихилығы. Музыкалык фольклор үлгілерінің көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерімен қатар тарихилығы да айкын. Ол екі түрлі деңгейде.
a) көркем шығармалардың (ән-күй) музыкалық тілінің қалыптасу кезеңдеріне,
ә) тарихи тақырыптарга құрылған шығармалар ретінде көрінуі мүмкін. Фольклордың бұл ерекшеліктері ғылымдағы тарихилық принципі негізінде танылады.
Бұл қазақ эпосы үшін қонымсыз пікір. Қазақ фольклорында этнонимдік атаулар кездесетін шы армалар аз емес.Осы туындылардың музыкалық мақамын зерттей отырып, әрбір аймаққа, этникалық топтарға тән үн-интонация, ырғақ-өлшем және мақамдық жүйелерді анықтауға болады. Оның бергі жағында, этникалық мәліметтерді эпикалык жанрлардың әдеби-поэзиялық мәтіндерінен де көптеп кездестіреміз. Қазақ фольклорының этникалық арқауын зерттеу ісі енді ғана қолға алына бастады.
Өз кезегіңде музыкалық фольклор үлгілерін де этникалық дереккөз ретінде тануға болады. Әрбір фольклор шығармасына тән ладтық (мақамдық) және интонациялық жүйе оның қай дәуірге гән екендігін анықтайды. Мысалы, кезінде А.Затаевич арғын, қыпшақ, қожа, т.б. рулардың ән-ауендерін де нотаға түсірген. Демек, антикалық дәуір ладтары секілді, ертеде әрбір тайпаның өзіне тән музыкалық үн-әуені болған. Бізге жеткен фольклор шығармалары арқылы олардың түп-тегін анықғауға болады.
Фольклор - кең ауқымды ұғым. Ол миф, аңыз, әпсана, эпос музыка, би, сурет, сәулет, археология, т.б. салаларды қамтиды. Осы синатына орай фольклорды мусикалық және пластикалық деп тағы бөлеміз. Мұның біріне уақыт пен кеңістік шеңберінде ғана өмір сүретін(орындалатын) ән-әуен, би үлгілері жатса, екіншісін заттық-материалдық (археологиялық) мәліметгер кұрайды.
Қазақ халқынын музыкалық фольклоры ғылымда әр түрлі аталып келеді. Бірде халық шығармашылыны, бірде халық поэзиясы, бірде халық музыкасы, т.б. болып жүр. Бірак, жеке алғанда, олардың бірде-бірі фольклор үғымын, оның синкреттік сипатын толық қамти алмайды. Фольклор - көпсалалы синкреттік құбылыс.
Оның келесі бір ерекшелігі - типологиялық сипатында. Әр түрлІ халықтар мәдениетіндегі ұқсас, сабақтас салалар табиғаты осы типологиялық теория аясында ғана танылады. Оның бірнеше белгілері бар:
1.Тақырыптық-мазмұңдық деңгейдегі ұқсастықтар (мотив, сюжет, т.б.).
2. Ұқсас фольклор үлгілерін тудыратын тарихи-әлеуметтік жағдай.
3. Миградиялық ұқсастықтар.
4. Генетикалық сабақтастық.
Типологиялык тәсілді ұтымды қолданған ғалымдардың бірі -В.М.Жирмунский. Бүгінгі фольклортану тылымында оның көріністері аз емес.
Сонымен, ғылымда халық мұрасын - фольклор, оны зерттейтін ғылымды фольклортану деп атаймыз. Ал музыкалық фольклор жалпы фольклортану курсынан тармақталатын, көбіне оның эстетикалық және этникалық табиғатынан туы сигналын жеке бір сала.


Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС,2005
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: экология және табиғат
қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған - түсін дірме сөздіктер топтамасын шығару
жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. - Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002.
3. www.Mekim dia Foundation.com

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет