Тақырыбы: Б. з д II мыңж. Грекия тарихы



бет3/3
Дата22.03.2024
өлшемі117.14 Kb.
#496297
1   2   3
Ежелгі Грекия1

Миной өркениеті
Өмір сүрген уақыты біздің дәуірімзге дейінгі 3000-630 жылдар
Мекені Кри.
Бұл өркениеттің өмір сүргені жөніндегі дерек тек өткен ғасырдың басында ғана пайда болды. Онда да археологиялық қазбалардың арқасында. 7000 жылға созылған өркениет мейлінше кемеліне келді. Дамыды, мейманасы тасыды. Аралдағы көптеген керемет сарайлар мен ғимараттардың құландысы – сол өркениеттің сарқыты сынды. Бір ғана Кноссе сарайы, оның жұмбақ лабиринтерінің өзі неге тұрады? Миной өркениеті хат жазуды алғаш меңгергендердің бірі. Олар иероглиф таңбаларын пайдаланған. Ғалымдардың айтуынша, миной өркениеті –ең дамыған өркениеттің бірі. Мәдениеттің, жалпы халықтың жойылуына Тера аралында болған аса ірі жанартау жарылысы әсер еткен көрінеді.

Қорытынды 


Грекия – Балкан түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Балкан түбегін айнала Эгей, Ионий және Жерорта теңіздері қоршап жатыр.Ежелгі еуропалық өркениет Крит аралында мөлшермен 4500 жыл бұрын пайда болды. Оны басқаша, аты аңызға айналған Крит патшасы Миностың атымен Миностық деп те атайды. Криттіктер өзара мықты жолдармен біріктірген ірі қалалар салды. Су құбырларын жүргізді. Крит сәулетшілері тамаша патша сарайларын салды. Сарайлардың қабырғаларын фрескалармен әшекейледі. Астанасы – Кносс қаласы болды. Б.з.д ХII ғасырда Балкан түбегіне солтүстіктен дорийліктердің шабуылы басталып шағын мемлекеттер жойылып кетті.Грекияны табиғаттың өзі үш бөлікке бөлді: Оңтүстік, Орта және Солтүстік. Оңтүстік Грекияны, яғни Пелопоннесті Орта Грекиядан теңіз шығанақтары бөліп тұрады. Оларды жіңішке мойнақ қана жалғастыратын. Тау мен теңіз арасында Фермопил өткелі бар. Осы өткел Грекияны солтүстіктен жалғайтын. Орта Грекияны Аттика аймағы деп атады. Грекияда мереке күндеріінде спорт жарыстары өткізілді. Ең әйгілісі – Пелопонестегі 4 жылда бір рет өткізілетін Олимпиялық ойындар болған Гректер Олимпияны қасиетті жер деп қатты құрметтеген. Олимпиялық ойындар өткізілген ай қасиетті саналып, бұл уақытта Грекияда соғыс тоқтатылған. Гректер жыл есебін алғашқы ойыннан бастап жүргізді. Аңызға қарағанда, алғашқы олимпиялық ойындар б.з.д 776 жылы өткен. Олимпиялық ойындар өткізілген ай қасиетті саналып, бұл уақытта Грекияда соғыс тоқтатылған.Грек қалаларының бәрі дерлік өз алдына бөлек, дербес мемлекеттер болды. Олардың қарамағына қалалар мен оған жақын елді мекендер кірді. Қала-мемлекеттердің әскері, қазынасы, тіпті ақшасы болды. Қалалардың өсуі қолөнер мен сауданы дамытты. Қала-мемлекеттерді полистер деп атады. Б.з.д. VIII-VII ғасырларда Грекияда полистер пайда болды. Грекияда полистер саны жүзден асты.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Энн Миллард, Сьюзан Пич. Греки. Москва "Росмэн"

  2. "Микенская цивилизация. Ахейская Греция во II тысячелетии до н.э." Мақаласы. http://civilka.ru/grecia/mikenskay_civilizacia.html

  3. Ғабитов қазақ мәдениетінің типалогиясы- Алматы, 1998.

  4. Ғабитов , Мүтәліпов, Құлсариева Мәдениеттану- Алматы. Раритет 2000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет