Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулу әдістері


Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу



бет7/17
Дата08.10.2022
өлшемі74.4 Kb.
#462218
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
труд обучение

4. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.
Еңбек бөлімі:  Техникалық еңбек
Еңбек түрі: Қағазбен жұмыс
Сабақтың уақыты: 45 минут
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан желкенді қайық дайындау
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға желкенді қайықтың, ескекті қайықтан айырмашылығы туралы айтып беру. Модел үлгісін көрсете отырып немесе тақтаға жазып көрсету арқылы жасау жолын үйрету.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға сызғышты дұрыс пайдалану сызғышпен өлшеудің, қағазды түзу, дәл бүктеуді және қағаздан ойыншық жасау тәсілдерін меңгерту.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың құрал- сайманмен еңбек жасау және де олардың ойлау,түсіну сияқты қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Желкенді қайықтың үлгісі және суреті.
Қолданылатын материал: Түрлі түсті қағаз, қызыл шүберек қиындысы.
Құрал-сайман: қалам, қайшы, сызғыш, өшіргіш, қылқалам.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Барлығымызда сабаққа керек құрал жабдықтарымызды алып партаның үстіне қоямыз.

  • Балалар біз өткен сабақта қандай тапсырма орындап үйрендік ?

  • Қағаздан қорап жасап үйрендік.

  • Қағаздан қарап жасау неше жолмен жасалды екен?

  • Төрт жолмен жасалады.

  • Дұрыс айттыңдар, балалар.

2. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Ал, балалар біз бүгін қағаздан желкенді қайықты жасауды үйренеміз. Қағазға сызғышпен өлшеп өзімізге қажетті және үлгідегі өлшеммен бірдей етіп қиып алуымыз керек. Қиып алынған қайық бөліктерін басқа қағаз бетіне қиыстырып орналастырамыз.
- Ал енді балалар.
- Қағаз ұзындығын өлшегенде қай саннан бастап өлшейміз?
- Сызғышпен ұзындықты өлшегенде әрқашан 0-ден бастап өлшеу керек.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар.

  • Ал, енді қылқалам не үшін керек?

  • Қылқаламмен желім жағамыз.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді біз осы ережелерді есімізге сақтай отырып, “Желкенді қайықты” жасауға кірісейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет