Сабақтың көрнекілігі: Табиғи материалдармен жұмыс істеудің әдіс- тәсілдерінің суреттері, күріштен құсты, гүлді жасаудың бейнеленген суреті.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Күріш, кілей, гуашь, қатырма қағаз және т.б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Жаңа сабаққа көңіл аударту.
2. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Сабақтың мазмұны: Бастауыш кластарда табиғи материалдармен жұмыс жасауда пайдаланатын заттардың біріне күріш жатады. Бұл материалдармен жұмысты жыл мезгілдерінің ең қолайлы кезеңі, көктемде орындатқан жөн. Табиғи материалдар мен жұмыстар орындау оқушылар үшін қызықты әрі ыңғайлы болып келеді. Табиғи материалдармен жұмыс орындау басқа материалдарға қарағанда оңай әрі тазалау жұмыс түрі болып келеді. Алдыменен табиғи материалдардың қасиеттері, құрамы туралы айта келіп саусақтарымен, жұмыстар орындауға жаттықтыру керек.
Табиғи материалдар мен жұмыс істегенде жұмыс столының тазалығын, қолдарының, киімдерінің тазалығын сақтай отырып, ептілікпен жұмыс істеуге қалыптастыру қажет. Табиғи материалдармен жұмыстар орындар алдында қажетті құрал-жабдықтарды кесу құралы, жағу, үгу құралдары тақтайшалар болғаны дұрыс.
Табиғи материалдардың негізгі қасиеттеріне, мысалы күріштің қаттылығы, жабыстыруға ыңғайлығы, формасын сақтағыштығы жатады.
Кез-келген жұмысты табиғи материалдан орындау үшін бұйымның заттың, жануар, құс аңдардың түр түсі, пішіні, бір-бірінен ерекшелігі, мінез құлықтары әңгіме түрінде түсіндіріліп берілуі қажет. Күріштен гүлді дайындау үшін алдыменен гүлдің суретін қаламмен салып алымыз, салынған суреттің ішіне желім жағып, үстінен күрішті жапсырамыз. Гүлдің түсіне сәйкес (қызыл, сары, көк, жасыл) етіп гуашьпен немесе акварель бояуымен күрішті бояймыз.
Мысалы, биылғы жыл сиыр жылы болғандықтан біз енді осы сиырдың бейнесін күріштен жапсырмалау тәсілімен жасап көрейік. Алдымен сиыр туралы түсіндіріп өтемін. Сиырдың адам баласына тигізетін пайдасы қандай? Оны адамдар не үшін асырайды? Сиырдың түсі, пішіні, сиырдың етінің, сүтінің құрамында қандай адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екендігі туралы әңгімелеп түсіндіріледі.
Енді сиырдың суретін алдымен қатырма қағаз бетіне қарандашпен салып аламыз, содан соң оған желім жағып, салынған суреттігі бейнені күрішпен толтырып аламыз. Содан соң оның түр түсін, құйрығының түрлерін гуашьпен немесе акварель бояуымен бояп шығамыз. Дайын болған жұмысты кепкенше жоғарылау жерге қоямыз.
Жұмыс кезінде орындай алмай қиналып жатқан оқушыларға көмек көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |