Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының гендерлік психологиялық ерекшеліктері



бет12/13
Дата19.05.2022
өлшемі110.5 Kb.
#457552
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бастауыш сынып оқушыларының гендерлік психологиялық ерекшеліктері

Қорытынды

Қазіргі ғылыми зерттеулер тұлғада шығармашылық дамыту бұл жалпы дамуға қайталанбас ықпал беретінін дәлелдейді: эмоциялық сферасы қалыптасады, ойлауы жетіледі, әсемдікке, өнерде және өмірде бала сезімтал бола бастайды. Сабақтағы шығармашылық тапсырмалар тұлғаның жалпы шығармашылығының дамуына, бұл өз кезеңінде қайырымдылықты, қиялды, образдық – ассосиациялық ойлауды, есті белсендіріп, байқампаздықты, интуицияны тәрбиелеп, баланың ішкі әлемін қалыптасуына себепші болады.[3] Шығармашылық, шығармашылық қабілеттер және олардың дамуы адамзаттың мәңгі мәселелерінің бір қатарына жатады. Ғылыми білімдердің даму тарихында бұл мәселе әртүрлі мектептердің және бағыттардың зерттеушілерінің назарын өзіне аударып келеді. Ерте кезде – ақ философтар шығармашылық феноменды аңғаруға және адам дамуына ықпалы қаншалықты екенін анықтауға ұмтылды ( Платон, Аристотель, Ф.Аквинский, И.Кант). Орыс философиясында шығармашылық зор түсініктердің бірі екендігін мойындайды (В.С.Соловьев, В.Н.Лосский, И.А.Бердяев).


Психолгия ғылымындағы креативтілікке арналған талдаулар (анализдер) жеткілікті түрде қарама-қайшылықты суреттейді бірақ «креативтілік» ұғымы ғылыми айналымға механизмдерді және адамның шығармашылық әрекетінің заңдылықтарын зерттеуші термин ретінде енген. Көптеген авторларда креативтілік түсінігінің мәніне жақын келетін «шығармашылық қабілеттер», «шығармашылық белсенділік»; синоним ретінде жиі қолданылады. Сонымен, Дж.Гилфорд, П.Порренс, К.Роджерс, Э.Фром, Э.Д.Телегина және В.А.Терехов креативтілік деп адамның ойлау стереоптиптерінің тәсілдерінен бас тартып және мәселені шешудің әртүрлі тәсілдерін табу, тануға және таңқалуға қабілеттілік жаңаны ашуға ұмтылу, дербестілік және белсенділік деп түсінеді. В.Н.Козленко, Г.В.Ожиганова және А.В.Гаврилин креативтілікті жеке тұлғаның ақиқаттағы қажеттіліктерін ізденістік қайта жасау қатынасы деп қарастырады. Ізденістік қайта жасау белсенділігі қоршаған ортамен белсенді әрекеттесу кезінде көрінеді. Р.Стернберг және Любата креативтілік өмірге қатынас, қабілеттілік және танымдық сфералар ғана емес, сонымен қатар өмірлік ұстаным дейді. С.Ю.Канн креативтілікті шығармашылық потенциялының шығармашылық құрылымы және жеке тұлғаның интегралды сапасы болып табылатын, құрамалы білім деп атайды. У.В.Кола және М.И.Фидельман креативтілікті жеке тұлғаның шығармашылық потенциялын құрайшы ой комплексі және жеке ерекшеліктері деп қарастырады.; Н.С.Лейтес және М.А.Холодная «ерекше ақыл құрылымы»; В.Н.Дружинин жалпы қабілеттердің бірі –қиялмен фантазияны қатыстыра отырып қайта жасау. Сол себептен бүгінгі таңда креативтіліке арналған нақты қалыптасқан анықтама жоқ. Кереативтіліктің көп және әртүрлі анықтамалары, креативтілік құрылымын қарастыруға ықпал етеді (Р.Милгрэм, Н.В.Хазратова, В.С.Юркейевич, В.С.Шубинский және т.б.). Ғылыми әдебиеттерді қарау арқылы креативтіліктің мазмұнын аштық: жеке тұлғаның нақты ерешеліктері және ақыл ойдың нақты сипаттамасы (И.Ветлугина,Л.Б.Ермолаева, Томина, В.Н.Дунчев, В.Н.Козленко, А.Н.Лук, Я.А.Понамарев, П.А. Процеский, F.Barron, D.Simonton, C.W.Toylor, E.P. Torrens және т.б.). Жеке тұлғаның накты ерекшеліктеріне зерттеушілер ең алдымен: табиғи талапты, акыл-ой және ерекше белгілері, жас ерекшелік сипаттамасын, әлеуметтік ортаның ықпалын, ең маңызды орынға мативациялық аспекті жатқызды. (Д.Б. Богоявленская,А.М. Матюшкин, Л.И.Новикова, Я.А.Пономарёв, Р.Стренберг, Э.Д. Телегина, В.С. Терехов): танымдық қажеттіліктер, қайта-жасау белсенділік мативі, жетістікке жетуге ұмтылыс, белгілі бір әрекетке мотивацияның жоғарғы деңгейі. Ақыл-ой сипаттамасы да креативтілік құрамына кіреді,ойдың инициативасын оқиды,шығармашылық ойлау,қабылдау жане қиял. Осыған байланысты, ғылыми әдебиеттердің негізіне сүйене отырып мынандай қорытынды жасаймыз: креативтілік бұл жеке тұлғаның сипаттамасы, күрделі шексіз білім. Креативтілік құрамын шығармашылық үрдістің іске асуына ыкпал етуші, әр түрлі қабілеттер жиынтығы анықтайды.
Шығармашылықта көп көрінетін қабілеттерді бөлу үшін, және оның іске асуына көптеген деңгейлермен байланыстыру үшін, біз шығармашылық үрдістің құрамымен сипаттамасының 7 концепциясын қарастырамыз (С.М.Василевский, А.Кистлер, А.Н.Лук, Т.Рибо, Р.Л.Солсо, Г.Уоллас, П.Ш. Якобсон, Дж.Гетцельс, Я.А.Пономорев, В.С.Шубинский). Зерттелген шығармашылық үрдістің құрылымын қарастыра келе: шығармашылық үрдісінің динамикасында фаза немесе деңгейлерді бөлуге болады. [4] Басқаша айтқанда креативтілік мазмұнын құрушы шығармашылық қабілеттілік үрдісі жүйелі түрде маңызды, осыған қарамастан бір тұтас жүйе болып қалады. Шығармашылық үрдіс динамикасын мазмұнды талдау негізінде, біз шығармашылық үрдіс қабілеттерін қамтамасыз ететін жалпы немесе жан жақты, яғни нақты бір әрекет ерекшеліктеріне тәуелді еместігін бөліп көрсеттік. Бұл: қатынастық (креативтілік құрамында), зерттеушілік және әрі қарай өзін дамытуға жеке тұлға креативтілігінің әлеуметтік аспектісі анықталады. Әр түрлі әлеуметтік зерттеулерді қарастыра отырып (А.В.Мудрик, В.В.Шаронов, М.М.Бахтин) сәтті әлеуметтіндіруді шығармашылық үрдісі; Жеке тұлға адамның шығармашыл өмірінің өнімі әлеуметтенудің субъектісі екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай контексте креативтілік зерттеледі: біріншіден, жеке тұлға қасиеттері ретінде әлеуметтік үрдісте қалыптасушы; Екіншіден жан- жақты қабілеттер жүйесі, адам өмірлік шығармашылық үрдісінде қолданады, яғни әлеуметтенудің сәтті факторы ретінде шығармашылық жеке тұлға бақыт табатын «адам мұқтаждықтары өмір сүріп жатқанын шын мәнінде түсінетін» деп бір тұтас ынтымақтастықпен педагогтар құптайды, оқушылардың креативтілігін тиімді қалыптастыратын педагогикалық жағдайларды іздестіріп оларды талаптандырады (А.В.Гаврилин, Н.И.Новикова, Л.А.Смывина, Л.П.Стрелкова, А.С. Чернышев, В.А. Ясвин, И.В.Ермакова, Е.Е.Кравцова, Ю.А.Лунев, В.А.Петровский). Педагогикалық зерттеулердің көпшілігі креативтілікті зерттеуге арналған, креативтіліктің қалыптасуы қазіргі ғылыммен дәлелденген педагогикалық жағдайлардың бір қатары бөлінген. Бұл: диалогтық әрекеттестілік, әлеуметтік нығаю, креативтілік тәртіптің үлгісі эмоциялық жағдайларды тудыру, заттық тәртіп белгілеу,заттық-ақпараттық арту.
Шығармашылық - белгілі бір ерекшелігі бар, және материалдық немесе рухани аймақта объективті немесе субъективті жаңа нәрсе жасап шығаруға келтіру үрдісі. Креативтілік - бұл жеке тұлғаның интегральді мінездемесі, жан-жақты қабілеттер жүйесі, шығармашылық әрекеттің орындалуын қамтамасыз ету және жеке тұлғаның өмірлік шығармашылық үрдісінің ескертілуі.
Шығармашылық әрекет - нәтижесінде креативтілік қалыптасып маңыздалатын адам белсенділігінің ерекше формасы. Шығармашылық белсенділік - коршаған ортамен әрекеттестік негізінде өзіндік шығарушылық және дамытушылық. Көптеген зерттеушілердің жұмыстарында көрсетілгендей баланың психикалық дамуында бейнелеу әрекетінің маңыздылығын қарастыру (А.В. Запорожец, В.С. Мухина, Т.В. Назарова, Р. Арнхейм, Д.Н. Узнардзе, В.А. Леквин, С.А. Рожкова), педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде бейнелеу әрекетіне берілген оның ерекшелігіне, міндеттеріне функциялары және әдістерінің нақты анықтамаларын таба алмадық. Бұл қатынаста Т.С. Комарованың берген анықтамасы маңыздырақ: «бейнелеу әрекеті – бұл өмірден алатын әсерлердің кескініне ғана бағытталмаған, сонымен қатар бейнелеушіге өз қатынасынан мәнерін жеткізуші көркем – шығармашыл әрекет». Басқа көптеген авторлардың түсінігі бойынша «бейнелеу әркеті», «сурет салу», «көркем – бейнелеу өнерімен айналысу», «өнімді әрекет» сияқты аналогты ұғымдармен жиі алмастырылады. Кез- келген әрекеттің құрылымдық компоненттері міндетті түрде мақсат тәсілдер нәтиже үрдістің өзі болып табылады. Егер сурет салуды осы тұрғыда қарастырсақ, (әрекет ретіндегі) оның мақсаты: Жазықтық, яғни суреттің кескінін алу.
Көркем – бейнелеу өнері сабағының мақсатыда көркем образдық тәсілдерімен бейнелеу өнерін жүзеге асыру. Мұндай жағдайда «бейнелеу әрекеті ұғымы, бірінші жағдайда дәлелсіз тартылады, мақсаты шектеледі, ал екіншіден – тәсіл. Берілген дәйектемені мақұлдап ойды тұжырымды етіп айтып бейнелеу әрекетін анықтап, оның ерекшелігін, мақсат тәсілдерін анықтау үшін біз «ойлап тапқыштық» күрделі мағыналы сөзге этимологиялық талдау жасадық. Этимологиялық талдау негізінде келесі анықтамалар қалыптасты: бейнелеу әрекеті – бұл адамның өзінің түйсіну, қабылдау, ойлау, пікір, эмоция (сезім) және айналасындағы әлемнің санада 8 қалыптасқан субъективті образ элементтері, нәтижесінде осы ішкі образдар кеңістіктегі модельдер туындысы болады. Кеңістікте образ моделін жасау кезінде түйсіну сезім органдарының барлығы қатысады. Адамның айқынды нәтижеге қол жеткізуі мазмұнды тәсілдерді жүйелі түрде қолдана білулері керек. Бұл жерде таңбалы жүйелер, қатынас тәсілдері, сонымен қатар практикаклық әрекеттер мазмұнды тәсілдер ретінде қолданылады. Бейнелеу әрекеті теориялық тұрғыдан қорытындылай келе, шығармашылық әрекеттің бірі ретінде (яғни креативтіліктің дамуы) сонымен қатар олардың ерекшеліктерін дәлелдеп және анықтау аспектілері оқушылардың бойында креативтілікті қалыптастыру мақсатында бейнелеу өнерін оқыту төмендегідей құрылады: 1. Мінездемелік және жеке ерекшеліктерін анықтау: - тума талабын, жеке ерекшеліктерінің, интуициясының потенциялын анықтау; - белсенлік, эмоциялық, көпшілдік, позитивтілік, бірге ізденушілік және т.б. мотивтермен бағыттарды қалыптастыру. 2. Сезімділік танымын қалыптастыру: - түйсіну мүшелерін байыту мақсатында сезім мүшелерін дамыту: көру, сипап – сезу, дәм сезу мүшесі, иіс сезу, есту. - қабылдау, перцепцияны дамыту. Жеке белгілерін ажырата білу, елестету, ақпараттық – мазмұнды объектіні, образды қалыптастыру. 3. Шығармашылық ойлауды дамыту: аналитикалық, синтетикалық, қорытындылай білуге қабілеттілік. 4. Мәнерлілік тәсілін байыту. - «ішкіні сыртқа шығару» қабілетін қалыптастыру; - қарым – қатынастық қабілеттерін қалыптастыру; ақпаратты кодпен хабарлай білу қабілеттерін дамыту. 5. Көркем – бейнелеу өнерін техниканың көмегімен қолдануға үйрету. - шындық тұрғысындағы суреттерді салуға үйрету. Заттың өзіне қарап суретін салу негізі болып табылады (байқау қабілеттерін дамыту және параққа түсіре білу: пропорция, бөлшектер, қоңыр түске түскен ақ дақтарды, рефлекстар және т.б.). Мұндай жақындауды эстетикалық сезгіштікті және жеке тұлғаның шығармашылық бағытын қалыптастыру деп атауға болады, бейнелеу өнері педагогикалық әдістің бірі болып табылатын өмірдің шығармашылық стилін қалыптастыру.[5] Жеке тұлғаның шығармашлық қабілетін бейнелеу өнерін оқыта отырып қалыптастырумен көптеген педагогтар айналысқан (Л.А. Баншлов, А. Будза, Н.Н. Волков, М.В. Гросул, С.С. Зорин және көптеген т.б.). Педагогикалық тәжірибені талдау және жүйелеу нәтижелерінде, жалпы шығармашылық қабілеттердің, қазіргі мектеп жағдайларында қалыптасудың жалпы стратегиясы анықталды. Сонымен қатар бейнелеу әрекетін креативтілікті қалыптастыру тәсілі ретінде негізгі қолданылатын механизмдер бөлінген: барлық қоршаған әлемдегі табиғатпен танысу, «жаттығу», сезім мүшелерінің толық жетілдіру, адам әрекетінің көркем және ғылыми – техникалық жақтарын интеграциялау; креативтілік үлгілерін демонстрациялау. Жалпы білім беру мектептерінде сабақ беру мәселелері жалпы білім беру жүйесінде оқушылардың креативтілігінің қалыптастырудың сабақта жүзеге асырылмаған себептері зерттелді. Педагогтар әрдайым жалпы білім берудегі өнердің мақсатын және орнын өзгерту керектігін түсінген (В.Ж. Литтлджонс, Я.А.Башилов, И.В.Киреенко, В.С.Щербаков, В.А. Сухомлинский және т.б.). Бүгінгі сұрақ: «Қалай оқыту керек?» мәселесін педагогтар белсенді қарастыруда (Т.Копцева, М.Толовина, В.Золотников, С.Шаповал және басқалары). Зерттеушілер (С.Д.Левин, Н.С.Лейтес, Ю.А.Полуянов және т.б.) жалпы білім беру мектептеріндегі сабақ беру тәсілдері өнімді емес екендігін көрсетеді. Педагогикалық тәжірибесі көп бола тұра, тиімді әдістер және қазіргі жалпы білім беру мектептерінде бағдарламалы регламентке төсіліп сонымен қатар тиімді болатын мақсатты бағыттар жоқ. Айқын емес мақсаттар бағыттың болмауы сабаққа нем құрайлы қараудан «екінші деңгейдегі», «маңызды емес», «қосымша» деген себептерден туындайды. Көптеген оқушылар оқу-тәрбиелік үрдісті қабілеттерді дамыту деп қарастырмайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет