ІІ. Негізгі бөлім
Ал, балалар, сендер бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын тереңірек түсіну мақсатында мына видеороликке назар аударыңдар.
(балаларға бірлік жайлы, біріге жұмыс жасап жетістікке жетуге болатындығы жайлы видеоролик көрсету)
Балалар, видеороликтен не көрдіңдер?
....................
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді Қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.
Мынадай бір аңыз бар:
Ырыс алды˗ ынтымақ.
Аңыз
Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп, тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер˗ ақ ұрып кетеді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомылады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады. Содан соң:
˗ Қане, балаларым, күштеріңді cынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сыңдырыңдар,˗ дейді.
Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.
Қария тобылғының бауын шешіп:
˗ Енді бір˗ бірден сындырып көріңдер,˗ дейді.
Балалары тобылғыны сол заматта˗ ақ шарт˗ шарт бөліп:
˗ " Міне сындырдық", деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзің бастайды.
˗ Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарын көп, ынтымағын жоқ болса, дұшпан сендерді жанағы жалғыз тал тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендердің ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, ˗дейді.
Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем˗ кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. " Ырыс алды ˗ ынтымақ" деген сөз осыдан қалған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |