Тақырыбы: «Бірлік – түбі тірлік» Сыныбы: 4 «А» Мұғалім



бет4/4
Дата29.05.2022
өлшемі27.94 Kb.
#458786
1   2   3   4
Күшіміз бірлікте

ІІІ. Қорытынды

  • Ал, балалар, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы жайлы мәліметтер білдік пе?

  • «Бірлік – түбі тірлік» дегеніміз не екен?

  • Ұлттар достығы дегеніміз не?

  • Қазақ халқының өзге ұлттармен татулығы жайлы не айта аласыңдар?

  • Әрқашанда бірлікті сақтау үшін не қажет?

  • Дос қандай болу керек?

Балалар, мен сендерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді.Осы ережелерді ұсынғым келеді.
Осы ережелерді есімізде сақтайық!
«Достық» ережесі.

  • Достыңды алдама, оған адал бол.

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды қорлама.

  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.

(балалармен кері байланыс жүргізу)

  • Иә, балалар, қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын "бірлік болмай тірлік болмас", "бірлік түбі - береке", "алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деп түйген. Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

  • Балалар, сендерге бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнады ма?

  • Ендеше сендер өздеріңе таратылып берілген стикерлерге бүгінгі тәрбие сағатынан не білгендеріңді, қандай әсер алғандарыңды жазып, «Бірлік ағашы» атты бұрышымызға оқып, талдап ілетін боласыңдар.

(балалар өз пікірлерін жазып, оқып, іледі)

  • Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз сендерге өте пайдалы деректерге толы болды деп ойлаймын.

  • Сендерге ұнағанына өте қуаныштымын!

  • Тәрбие сағатымыз аяқталды, сау-сәлеметте болыңдар!

1. Досы көпті жау алмайды дегенді қалай түсінесіздер?


2. Нағыз достық, шынайы махаббат кездесе бермейді деген пікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай?
3. Досым үшін бәрін құрбан етуге дайынмын. Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын деген сөз әрқашан да әділ, дұрыс деп санайсызба?
4.Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
5.Дос қандай болу керек?
6. «Достық көмек» дегенді қалай түсінесіңдер?
7. "Бірлік болмай, тірлік болмас"˗ деген мақалды қалай түсінесіңдер?
8. «Күшіміз бірлікте» дегенді қалай түсінесің?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет