Тақырыбы: «Delphi бағдарламасында ScrollBar компанентін қолданып жоба жасау»



бет1/16
Дата29.03.2022
өлшемі405.28 Kb.
#456520
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Нурасыл


«Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МҚҚК

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС


Тақырыбы: «Delphi бағдарламасында ScrollBar компанентін қолданып жоба жасау»

Орындаған: СТ 231.1 тобының студенті Құттымұрат Н.Қ


Тексерген: Болатова А.С

Орал қаласы – 2022 жыл.


Мазмұны
Кіріспе .....................................................................................................................3
1 Delphi бағдарламалау тілі ...................................................................................5
1.1 Delphi бағдарламалау ортасы ......................................................................7
1.2 Delphi бағдарламалау жүйесі .....................................................................15
1.3 Delphi – дің артықшылықтары ..................................................................18
1.4 Delphi – дің басты терезелері ....................................................................22
1.5 Delphi визуалды бағдарламалау жүйесі ..................................................26
1.6 Delphi компаненттері палитрасының беттері ..........................................17
II Бөлім.Практикалық жұмыс. ScrollBar компаненттерін қолдану ..................29
Қорытынды ...........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер көзі ..........................................................................26
Қосымша ................................................................................................................27


Кіріспе
Елімізде соңғы жылдары дүние жүзінің дамыған мемлекеттерінде кең қолданылып жүрген бағдарламалау тілдеріне деген сұраныс артуда. Соған байланысты осы тілді үйренуге талап қылған жастарымызды сол бағдарламалау тілдерін қазақ тілінде оқып-білуі үшін солардың мектеп оқулықтарына енбеген бағдарламалау жүйелерімен таныстырайық.
Бағдарламалаудың жалпы модульдік, обьектілі-бағдарланған және құрылымдық сияқты негізгі әдістері бар. Ол әдістердің ішінен обьектілі-бағдарланған түріне тоқталайық. Бұл әдіс обьектілі-бағдарланған визуалды бағдарламалау тіліне негізделген. Мұндай бағдарламалау тілдеріне: Smalltalk, C++, Actor, Iava және басқалар жатады. Соңғы жылдары дайындалған бағдарламалар осы визуалды бағдарламалау тәрізді жүзеге асырылады.
Визуалды бағдарламалау ортасын пайдаланудың басты ерекшелігі, ол бағдарламалық жобаны құру болып табылады.
Ондай жүйе қатарына: Visual Basic, Delphi, C++ Builder, Visual C++ және тағы басқалар енеді.
Осы жүйелер ішінен бағдарламалаушылар арасында жиі қолданылып жүрген Delphi визуалды бағдарламалау жүйесінің 7.0 версиясын қарастыруға кірісейік.
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі бағдарлық болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі (“классикалық ”) процедуралық программалау тілдері – Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер – ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері –Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады.
Олардың визуальді түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі негізінде, Delphi(Дельфи), Object Pascal (Объектілі Паскаль) тілі
негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual – көзбен көруб экрандық). Олар әсіресеDelphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi – дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте- бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6 - нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5 - нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5,6 – нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32  операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзанLinex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады(Linex жүйесі UNIX операциялық жүйесіне шамалас, мүмкіндігі Windows 32 жүйесінің мүмкіндігінен кем емес).
Қазіргі кезде қоғамдағы өмірде берілгендерді өңдеуде автоматтандырылған жүйені күнделікті қолдану барысында берілгендерді енгізу, сақтау және шығару қажет болады. Жалпылама компьютеризация, пайдасымен бірге көптеген мәселелерді алдына қояды, соның ішінде ең қиыны ақпараттың қауіпсіздігі болып табылады. Адамдардың автоматтандыруға ең жоғарғы деңгейге ұмтылуы, көп қолданылатын арзан компьютерлік жүйелерге деген сұранысы берілгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәуелділігіне әкеліп соғады. Дербес компьютерлердің пайда болуы тек қана қолданушылардың ғана мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай сонымен қатар жүйе бұзушыларға да кең жол ашып отыр. Компьютерлік жүйенің қауіпсіздігі әлден ғылыми зерттеуде өзіндік бағытқа ие болады. Бірақ осыған қарамастан шешілмеген мәселелер саны азаймай отыр. Мұның себебін ең алдымен ғылыми техникалық прогрестің өте үлкен жылдамдықпен даму барысымен түсіндіруге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет