Position қасиеті арқылы Пішіннің қажетті орынға автоматты түрде орналасуын реттеудің мынадай мүмкіндіктері бар:
- poDesigned мәнінде Пішін бағдарлама жобалаушы-сының
белгілеген орнынан көрінеді, ол үнсіз келісім бойынша
қойылған мән.
- poDesktopCenter және poScreenCenter мәндерінде Пішін
экранның немесе жұмыс столының ортасында
орналасады.
- poMainFormCenter мәні бойынша Пішін бас терезенің
ортасында көрінеді.
- poOwnerFormCenter мәні арқылы Пішін шақырылған
терезенің ортасынан пайда болады.
Сіз Пішіннің қалыпты түрде не ең кіші немесе ең үлкен өлшемде көрінуін оның WindowsState қасиетінің – wsNormal, wsMinimized, wsMaximized сәйкес мәндері бойынша бағдарламалауыңызға болады. Барлық терезенің тақырыбында жиыру, жаймалау және жабу батырмалары бола бермейді.
Олардың болу не болмауын BorderIcons қасиеті арқылы басқарады. Ол үшін обьектілер инспекторының сол жағында таңбасын ашатын – True, оны жабатын – False мәндері бар. Ал Пішіннің biSystemMenu=False мәнінде терезені ALT+F4 батырмаларының көмегімен жабу қажет.
Пішіннің шекараларын басқару қызметін BorderStyle қасиеті атқарады. Оның:
- bsSizeable мәні – Пішіннің қалыпты түрін анықтайды;
- bsNone мәнінде Пішіннің шекарасы болмайды(тақырып
жолы да);
- bsSingle мәнінде Пішіннің шекарасы өзгере алмайды,
бірақ оны жиырып, жабуға болады.
Сонымен BorderIcons және BorderStyle қасиеттерін бірінен соң бірін пайдаланып, мыс, мына сияқты өлшемдері өзгермейтін және жиырылмайтын әрі жабылмайтын пішін алуымызға болады.
Енді жобамызды сақтаудың жайын қарастырайық. Егер біз жобаны алдынала File –» Save All (немесе тиісті батырмалар арқылы) меню командалары бойынша арнайы дайындалған бумада сақтамасақ онда олар өздері бірден С:\Program Files\Borland\Delphi7\Projects дискісіндегі орнына барып түседі де, бәрі былығып кететін болады. Міне осыны ескере отырып, әуел бастан ашылған терезеде жаңа бума құрған жөн. Жоба негізінен Project1 аты бар файлда сақталады. Пішін оның жұмысын сипаттайтын- модульмен бірге жұмыс істейді. Егер жобада модулдер бірнешеу болса, онда Delphi олардың әрқайсысы үшін жеке файлдар құрып, оларды Unit1, Unit2 және т.с.с. атпен сақтауды ұсынады. Мұнда жоба файлы үшін де, модулдер файлы үшін де өзіңнің ойластырған атыңды қойғаның жөн. Сонымен әрбір жаңа жобаны бірден сақтауды есіңізден шығармаңыз!
Сонан соң File –» Close All командасын орындайық. Файлды Open… командасының көмегімен ашып көрейік. Мұнда модуль біздің Пішінмен бірге ашылады, енді жұмыс жасауға кірісуге болады, бірақ бағдарламаны іске қосу батырмасы екпінді болмайды. Сондықтан алдымен жобаның файлын ашу керек. Ол үшін арнаулы меню командалары: File –» Open Project.. (Ctrl+F11) және іске қосу батырмасының нақ үстінде тиісті батырма бар. Енді таңдау терезесінде бір ғана файл, жоба файлы тұрады. Оны ашқанда бастапқы модуль де, бастапқы жоба Пішіні де ашылады. Ал егер жобада бірнеше Пішін болса, онда оларды Open… арқылы ашады. Сол сияқты басқа жобалардың модульдерін де, мыс, олардың кодтарын көшіру үшін ашуға болады.
Мына нәрсе назарыңызда болғаны дұрыс!
Сіздің қатқыл дискіңіз негізінен кемі екі тараудан тұрғаны жөн. Кейде түрлі себеппен жүйелік бағдарламаны қайта орнатуға тура келеді, сол кезде сонда орналасқан жобаларыңыз да жойылатыны белгілі. Осыны болдырмау үшін Delphi жобаларын басқа тараудағы арнаулы бумада сақтап, ал негізгі тарауда сол жобалардың жарлықтарын сақтаған қолайлы болады. Міне осылай еткенде бұрынғы жобаларыңызды көшіріп әуре болмай, оларды сол қалпында сақтай аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |