1.1 Delphi бағдарламалау ортасы
1991 жылы, яғни Windows 3.2 операциялық жүйесі пайда болғаннан кейін Borland корпорациясы Turbo Pascal for Windows программалау жүйесін жарыққа шығарды. Ал, 1992 жылы осы программалау жүйесінің жетілдірілген Borland Pascal with Object 7.0 версиясын шығарды. Бұл бірінші мамандандырылған құралдар Windows-ты негізгі түрде білуді талап етті және оқып – білуде күрделі болды.
Бірақ 1993 жылы Microsoft корпорациясы бірінші Visual Basic көрнекі программалау ортасын дүниеге әкелді. Бұдан кейін, тіпті, Windows үшін программалау MS-DOS үшін программалаудан жеңіл болып қалды.
Бұған жауап ретінде Borland корпорациясы 1995 жылы Delphi-дің бірінші версиясын шығарды. Одан кейін бір жыл интервалмен тағы да 4 версиясын: 2, 3, 4, 5 және 6 шығарды.
Программалауды оқып – білуде және тез қабылдауда ең жақсы тіл – Паскаль, ал, MS – DOS үшін әлемдегі ең жақсы программалау жүйесі — Turbo Pascal екені даусыз. Delphi Паскаль – бағдарланған программалау құралдарының сериясын жалғастыра түсті және осы Delphi Windows – прграммалау үшін барынша қолайлы құрал болып табылады.
Жалпы, Delphi ортасының құрылуының негізі – Object Pascal программалау тілі. Жаңа Object Pascal программалау тілін білмей, меңгермей жатып Delphi-де жақсы әрі эффектілі жұмыс істеу мүмкін емес. Object Pascal-дыңнегізін салатын инструмент – кластар мен объектілердің маңызы зор. Барлық қазіргі кездегі жаңа программалау тілдері (оның ішінде С++ және Visual Basic – тер де бар) практикалық түрде, аз уақытта программа құруға және оның сапасын жоғарлатуға мүмкіндік беретін объектілі – бағдарланған программалау методикасын қолданады.
Delphi- дің мәліметтер қорымен жұмыс басқа программалау тілдерімен салыстырғанда өте жоғары сатыда тұр. Delphi-де мектептер үшін, жоғары оқу орындары үшін, банктар үшін, үлкен корпарациялар үшін мәліметтер қорымен байланыстырып программа құруға болады және ол басқа программалар тіліне қарағанда тиімді және объектілі – бағдарланған программа болғандықтан қолданылуда өте жеңіл. Сондықтан да Delphi-ге көп көңіл бөлінетіні де осы да.
Информатика пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыру нысанды – бағытталған программалауға үлкен көңіл бөледі. Нысанға бағытталған программалау (НБП) қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсініктіұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын – ала жазылып қойған программа кодын көп рет қолдануға мүкіндік береді. Delphi және Visual Basic НБП іске асырудың танымал құралдары болып табылады. Бұл орталар сонымен бірге визуалды программалау құралдар ретінде ұсынылады, яғни объектілерді монитор экранында көру және оларды программаны орындалуына дейін қандай да бір түрде бейнелеу мүмкіндігін береді.
Іс — әрекеттің кез-келген басқа түрі сияқты программалау да – технология, ол бағдарлама құру процесін межелі өңдірістік іс-әрекетке айналдыру арқылы жинақталған тәжірибе мен білімді жетілдіреді.
Программалау технологиясы көлемді, ауқымды программалық жүйелерді ұжыммен жасауға және шағын программаларды дербес құруда қолданылады. Үлкен программалық жобаларды мына әрекеттерге сүйену қажеттігі туындайды:
Әрбір кезең үшін мақсат, міндет және нәтижелерді анықтау арқылы жалпы жұмысты кезеңдерге бөлу;
Әрбір кезеңдегі міндетті есептеулерді орындаудың баламалы әдістері мен құралдарын пайдалану;
Қорларды жоспарлау, жұмысты атқарушыға бөліп беру, жұмыстың барысын басқару;
Кезеңдер бойынша нәтижелерді және құрылған программалық жүйенің сапасын бағалау.
Осыған байланысты шағын программа құру да программа құрушыдан өз еңбегін, яғни міндет қоюдан құрылған программаның дұрыстығын тексеруге дейінгі кезеңдерге бөлуді талап етеді.
Программалық жобаларды үзінділерге бөлуде нысанға – бағытталған тілдер ерекше сипатқа ие болып келеді. Бұл тілдердің орталық ұғымы объект болып табылады. «Өз мағынасы бойынша объект, компьютерге өңдеуге және сақтауға болатын, сонымен бірге басқа объектілерге және есептеу орталарына хабарлар жіберу және оған келіп түскен хабарларға назар аудару арқылы әсерлесуге икемді қандай да бір нақты объектінің, процестің, жағдайдың баламасы болып табылады…» Егер объектілер айқын өмірдегі заттың, құбылыстың мағынасына сай келсе, онда ұғым орнына жүретін кластар абстракция болып табылады.
Мұрагерлік бірнеше маңызды қызмет атқарады: пән аймағының тұжырымдық құрылымын модельдейді; әртүрлі кластарды тапсыру үшін оларды көп рет пайдалану мүмкіндігін беру арқылы сипаттауды үнемдейді; кластарды көп ретті нақтылау жолымен ауқымды жүйелерді қадам бойынша программалауды қамтамасыз етеді. Объектінің аты, оқиғасы және мүмкін тәсілдер жиынтығы болады. Оқиғалар айнымалы жиыны мен олардың белсенді мәндерімен анықталады. Тәсіл – бұл объектінің басұа объектілермен байлансыты жолға қоятын жаңа оқиғаны (жағдайды) алу амалдары. Объеімен байланысқа түскенде оның аты, қолданылатын тәсілі жәні оның ұсынылған тәсіл үшін қажетті мәндердің кейбір жиынтығы көрсетіледі. Объектінің жағдайына ену хабарлар жіберу жолы тәсілімен іске асырылады.
Егер объетілер айнымалылар жиыны, әдістер жиынтығы бойынша бірдей қасиеттерге ие болса, онда олар бір класс құрайды. Кластар расында мұрагерлік қатынасы болуы мүкін, яғни қандай д бір Б класы осы класс үшін апталық болып табылатын суперкластың қасиеттерін мұрагерлікке алады. Программалау практикумы Delphi ортасында жұмыс істеуге арналған.
Delphi — программалау жоғарғы деңгейдегі тілдерді оқып – үйренудің логикалық жалғасы. Негізгі алгоритмдерді білуді бекітуге ықпал етеді және дамудың сапалы шыңдарына көтерілуне мүмкіндік береді. Бұл кезде білімгерлердің алғашқы кезеңдерінде НБП оқып – үйренуде программалаудың жаңа тұжырымдамасына өтудегі қиындықтарға кездесетіндігін атап көрсетуге ьолады. Алғашқыда оларға программалау туралы түсініктерін қалыптастыруға тура келеді.
Лабораториялық жұмыстарды орындау Delphi ортасын және оның құралдарын оқып үйренуден бастады. Әрбір жұмыс сайын белгілер компоненттермен танысып отырады. Ал кіріспе бөлімінде НБП негіздерін құрайтын ұғымдар мен Delphi-дің визуалды программалау құралдарыменжұмыс істеуге дайын жоба программалау құралдарымен жұмыс істеуге, дайын жоба программалар мен жеке орындау үшін ұсынылған есептер жүйесінен тұрады.
Лабораториялық жұмыс жеке жоба-жұмыстарды құру және оны мұғалімге тапсырып-өткізу іскерліктермен аяқталады. Жоба программамен жұмыс істеу деп – білімгерлердің алған білімдерін меңгеру және оны демонстрациялауды, яғни өздерінің шығармашылық іс-әрекетін толығымен жүзеге асыру деп түсінеміз.
Толыққанды жоба жасау үшін білімгерлер өзіндік жұмысқа бөлінген уақытты пайдаланады. Delphi-дің одан әрі қарай оқып-үйрену және НБП қуатты идеологиясын қолдану педагогикалық- программалық құралдарды (электронды оқулықтар, логикалық ойындарды және т.б.) құру технологиялары курсында курс жұмыстарын орындауында жалғасын табуда.
Қазіргі кезде программалық жабдықтарды жасау былай сипатталды, яғни ауқымды тұйықталған программалар емес, программалық жүйелердің компоненттері құрылады.
Мұнын себебін былай түсіндіруге болады:
Құрылған компоненттерді сақтауға және алгоритмнің сипаты және ақпаратты өңдеу тәсілдері жағын жақын болатын басқа программалық жүйелерде қайта қолдануға ұмтылу;
Үлкен ұжыммен жасалынатын және оны жасау, өңдеу және икемдеу ұзақ мерзімді қажет ететін ауқымды көлемдегі программалық жабдықты жасау қжеттілігі;
Бір есепті емес, өзекті саланың толық бір есебін шешуге арналған қолданбалы программалық жабдықтардың пайда боуы, мынаған алып келеді, яғни саланың нақты бір есебін есебін шешу үшін программа алдын-ала бар компоненттерден жиналады және оның орындалу реті осы берілген есептен тәуелді болады;
Программалауға дейінгі ақпараттық моделді жеткілікті деңгейде ерекшелеудің мүмкін еместігі, нәтижеде ақпараттық моделді нақтылау және қадамдарға бөлу есептеу тәжірибесімен бір мезгілде жүргізіледі.
Сонымен программалауға оқытуда мұғалім әрбір нақты оқушымен ұтымды қарым-қатынас жасау мүкіндігіне ие болады. Оқу үрдісінде компьютердің ықпалының белсенділігі, яңни оқушымен де, мұғаліммен де, өзара әрекетте болғандықтан жоғары екендігі белгілі. Бұл жағдайда оқушының танымдық іс-әрекетінің белсенділігі артады. Информатика пәнінің НБП бөлімін оқып-үйренуде, НБП әдістемесән меңгеру, белгілі программалау тілдері арқылы НБП техникалық икемділігін игеру және оқушылардың жалпы білімдік деңгейі іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |