Тақырыбы: Дәнді бұршақ дақылдары



бет2/3
Дата11.11.2022
өлшемі1.57 Mb.
#464629
1   2   3
Дәнді бұршақ дақылдыры

Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бірқатар морфологиялық ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір тамыршаларын түзеді, топыраққа 1,5-2,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын бактериялар дамиды. Сабағы әр түрлі деңгейдегі беріктілігімен ерекшеленеді: біреулері (ноқат, майбұршақ, т.б.) тік өскен қалпын сақтайды, ал басқаларында (асбұршақ, жасымық, ноғатық, т.б.) жапырылғыш, мұның өзі егін жинауда үлкен қолайсыздық тудырады. Жапырақтары қүрылысына қарай үш топқа бөлінеді: біріншісі — қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ, ноғатық, т.б.), екіншісі -үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі — саусақ-салалы жапырақтылар (бөрі бұршақ). Гүлдері бұрыс пішінді, бестік түрде болады. Жемісі — әр түрлі көлемді және пішінді бұршаққап. Бұршақ дақылдарының кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т.б.) жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары шашылып, астық өнімін темендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр түрлі.

Асбұршақ

Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарында орта есеппен 24-27% ақуыз, 50% -дан астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май, күлдік заттар мен дәрумендер (А,В,С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік сапасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер де (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі. Ол — жаздық бидай және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл. 2000 жылы Қазақстанда өсірілген дәнді бұршақ дақылдарының (57,4 мың/га) 80%-дан астамы асбұршақтың үлесінде болды.дзаголовок

Ноқат

  • Азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіріледі. Тұқымдарында 31% -ға дейін ақуыз, 60% -ға дейін көмірсулары, 4,5% -ға дейін май, т.б. болады. Тағамға пісірілген, кофе суррогаты түрлерінде пайдаланылады. Ноқаттың ашық түсті сорттары азық-түлікке, ал қоңыр тұқымды сорттары мал азығына жарамды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет