Тақырыбы: Егулерден кейін болатын асқынулар және оларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелері



бет2/3
Дата09.01.2023
өлшемі4.6 Mb.
#468241
1   2   3
Анварова Н.Б. многопрофильный медицинский колледж Авиценна

ауа эмболиясы
Асқынудың белгілері: белгілері май эмболиясына ұқсас,бірақ өте тез уақытта белгіленеді.
Асқынудың себептері: шприцтің ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде.
Асқынудың алдын-алу: егу жасаудың алдында шприцтің ішінен ауаны ұқыпты шығару.
Асқынуды емдеу: дәрігердің нұсқауымен.
Иненің сынуы
Асқынудың себептері: егу жасағанда инені канюлясына дейін енгізгенде, ескі инелермен қолданғанда,бұлшіқ еттері қатты жиырғанда пайда болады.
Асқынудың алдын-алу: инені толық енгізбей, терінің сыртыа шамамен 0,5-0,7 мм қалдыру. Ескі инелерді қолданбау. Егу жасаудың алдында психологиялық кеңесуді өткізу. Емделушіні жатқызып егуді жасау.
Асқынуды емдеу: иненің сынығын емделушіден шығарып алу, болмаса хирургиялық ем.
Тромбофлевит (тромб пайда болуымен тамырдың қабынуы)
Асқыну белгілері: тамырдың жүрісімен ауырсыну, қан кернеу (гиперемия) инфильтрат. Дененің қызуы көтерілуі мүмкін.
Асқынудың себептері: көк тамырдың бір жеріне жиі егу жасағанда, өткір емес инелерді қолданғанда.
Асқынудың алдын-алу: көк тамырға кезектеп егу жасау және өткір инелерді қолдану.
Асқынуды емдеу: дәрігер нұсқауымен.
Некроз
Асқынулардың белгілері : егу жасаған жерінде ауырсынудың көтерілуі , ісіну, қан кернеу (гиперемия), гиперемиямен бірге цианоз (көгеру), содан кейін күлбіреу , жаралар пайда болу.
Асқыну себептері: тері астына қателесіп қатты тітіркендіретін дәріні енгізгенде (мысалы, 10 % калций хлоридін).
Асқынудың алдын-алу: егулерді енгізу жерлеріне ғана қатаң жіберу (10 % кальций хлориді ерітіндісін – тек қана көк тамырдың ішіне).
Асқынуды емдеу:
  • Егуді тоқтату;
  • Жіберген ерітіндіні шприцке барынша қайтадан сорып алу;
  • Егу жасаған жеріне 0,5 % новокаин ерітіндісін енгізуге болады, ол жіберген дәрінің концентрациясын азайтып, ауырсынуды басады;
  • Егу жасаған жеріне мұз ды мұйықты қою.

Ескерту: 10% кальций хлориді ерітіндісін қателесіп тері астына жібергенде – резеңке бұрауды байламайды, ерітінді сол жерді қатты тітіркендіру әсерімен қауіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет