Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері



бет2/6
Дата21.02.2024
өлшемі123.5 Kb.
#492686
1   2   3   4   5   6
Әлеуметтік зерттеу - дайындалу мәлеметтер

Зерттеу тақырыбы - проблемалардың ішіне кіру, зерттеу мақсаты ретінде қойылатын контурды белгілеу, қандайда бір шешім қабылдау үшін өзінің бағыты болуы керек.
Әдеттегідей, жиналған ақпарат қандай да бір проблеманы шешуге бағытталады. Проблема - адамдардың қандай да бір әрекет жасауға қажеттілігі туралы білімі мен осы әрекеттерді ісіке асыру жолдарын, құралдарымен әдістерін білмеуі арасындағы қарама - қайшылық.
Проблеманы тұжырымдау кезінде мынадай жағдайлар туындайды: жалған проблема қою немесе проблеманы тым өсіріп жіберу қаупі. Сондай-ақ бір социологиялық зерттеу шнгінде бірнеше проблеманы белгілеуде дұрыс емес.
Проблеманы қою процесінде мынадай екі негізгі рәсім бөліп көрсетіледі:
1.Проблемалық ахуалдыпайымдау;
2. Проблемены тұжырымдау ( әзіплеу)
Проблемалық ахуал – бұл әлеуметтік шындықта өмір сүретін қарама-қайшылылық, осы сәтте анық емес мәселелерді шешу тәсілдері (алгоритм).
Проблемалық ахуалды алдын – ала талдау:
а) сырттай бақылау;
б) проблемалық ахуал қатысушыларымен еркін интервью;
в) құжаттарды, оның ішінде ведомоствалық құжаттарды, алдыңғы социологиялық зерттеулер нәтижелерін талдау;
г) сарапшылармен (мысалы, Білім министрлігінің қызметкерлерімен) еркін интервью.
Тұжырымдалған проблема проблемалық ахуалды пайымдаудың нәтижесі болып табылады.
1. Проблема нақты сұрақтар немесе қойылым түрінде тұжырымдалады. Сұрақ: Осындай және басқа құбылыстардың себептері қандай?
Қойылымы: осының және осының шешу тәсілдерін табу. Факторлардың осы тобын түсіндіретін үлгіні жасайды.
Проблема қандай да бір әлеуметтік құбылыстан алынса, яғни зерттеу объектісі мен пәнін анықтау арқылы алынса, болжанатын болып табылады.
Зерттеу объектісі – танымдық қызмет бағытталған проблемалық ахуалдың тікелей тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін әлеуметтік шындық құбылысы немесе аясы.
Социологиялық зерттеуді табысты жүргізу үшін зерттеу мәнін дұрыс анықтаудың маңызы зор.
Зерттеу мәні ретінде зерттеуге тұратын объектінің жақтары, сондай-ақ әлеуметтік проблеманы, онда жасырынып тұрған қарама- қайшылықтарды барынша толығырақ бейнелейтін объектінің қасиеттері алға шығады.
Проблеманы, социологиялық зерттеудің объектісі мен мәнін анықтаумен қатар міндетті рәсімдерге гипотезаны тұжырымдау да жатады. Гипотеза – қандай да бір фактіні, құбылыстар мен прпоцестерді түсіндіру үшін жасалатын ғылыми болжамдар. Ғылыми гипотеза зерттелетін объектіні алдын-ала талдау нәтижесінде тұжырымдалуы мүмкін.
Анықталған зерттеу объектісі сандық жағынан үлкен және зерттеу объектісін құрайтын барлық адамдардың сауалнамасы, күрделілігі, ауқымдылығы, қымбаттығы жағынан тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан соцологтар объектіден зерттелетін жиынтық алынатын «іріктеу» операциясын жүргізеді. Бағдарламада бұл операция кейіннен жеке құжатқа бөліне отырып іріктеу жобасының сипаттамасында көрсетіледі.
Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі.
Басты - осы зерттеуге «қажет» , қажетті адамдардың барша жиынтығы. Мысалы, зерттеу өткізілетін қандай да бір мекеме, қала және с.с-лар қызметкерлерінің барлық 100%. Бұлайша қамту шындыққа жанаспайды әрі қымбатқа түседі, сондықтан репрезантативті іріктеуге жүгінуге тура келеді – басты іріктеуге сәйкес келетін өлшемдер бойынша зерттелетін құрамның осы немесе басқа өкілдіктері.
Іріктеуді анықтау – социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір күрделі сәттердің бірі (жұмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол объектінің бүкіл элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң көрсетуі тиіс.
Іріктелген жиынтық – берілген ережеге сәйкес қатаң іріктеліп алынған басты жиынтық элементтерінің белгілі – бір саны. Зерттеуге жататын ( сауалнама, интервью алу және с.с ) іріктелген жиынтықтың элементтері ( респонденттер, талданатын құжаттар және с.с ) талдау бірлігі болып табылады. Олар жекелеген адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да (студенттік ), жұмыс ұжымдары да болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық топқа тән элементтер іріктеу бірліктері деп аталады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай іріктеме кезінде іріктеу 10, 20, 50 және т.б адам арқылы жүргізілуі мүмкін. Ірітілетіндер арасындағы аралық іріктеу қадамдары (таңдау қадамдары) деп аталады.
Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты зерттеудің қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады. Кездейсоқ іріктеу - халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі ықтималдылықпен қосылуы мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация қателігіне әсер етеді. Іріктеу шамасы қаншалықты көп болса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен іріктеумен сауалнама жүргізу өте қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше, басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. Мұндайда респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан аспауы тиіс. Телефонмен сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі 150-200 адам болса да болады.
Басты жиынтықтың сипаттамасынан анық ауытқулардан қашқан жөн. Мұндай жағдайда зерттеу нәтижелері жалған болуы мүмкін.
Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызыды ерекшеліктер негізгі ұғымдарда түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұның сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді.
Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет