Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері



бет3/6
Дата21.02.2024
өлшемі123.5 Kb.
#492686
1   2   3   4   5   6
Әлеуметтік зерттеу - дайындалу мәлеметтер

Социологиялық зерттеу әдістері.
Социологияның өз саласында әр түрлі тұрғыдан пайдаланылатын сан алуан әдістері бар. Олардың бір бөлігі этнографиядан, статистикадан, психологиядан алынған, көпшілігі социологиялық танымдық іздестіру құралының сипатын дарытқан.
Эмпирикалық ақпаратты жинау мынадай әдістер арқылы жүргізіледі: құжаттарды талдау, бақылау, тәжірибе жасау, сауалнама жүргізу ( ауызша - интервью, жазбаша –саалнама беру, сараптамалық – құзіретті тұлғаларға сауалнама жүргізу).
Осы әдістердің сипаттамасына қысқаша тоқтала кетейік.
Құжаттарды талдау. Құжат - мәтінді, таспада, дискетте және с.с-да белгіленген ақпаратты беру және сақтау үшін арнайы жасалған зат.

Құжат түрлерінің жіктемесі:



НЕГІЗ

ТҮРЛЕРІ

МЫНАЛАРДАН ТҰРАДЫ

1.Белгілеу тәсілі

Мәтәндік иконографилық статистикалық фонетикалық

Өнер, баспа, фото киноқұжаттар, магнитафон, жазбалар, ЦСУ (ОБЖ) жинақтары

2. Мәртебесі (авторлық)

Ресми
Бейресми

Қаулы, бұйрықтар, жоспарлар, хаттар, күнделіктер

3.Бірегейлену дәрежесі

Жеке
Жеке емес

Өмірбаяндар, сауалнамалар, шағымдар және басқалар; есептер, анықтамалар, мұрағаттар

4. Функциональды

Ақпараттық
Реттегіш

Статистикалық есептер, заттама, бұйрықтар, телефонограммалар

5. Мазмұны

Тарихи
Құқықтық
Экономикалық және басқалары

Оқиғаны сипаттау, оқиғаны бағалау жағдайды белгілеу

6. Ақпаратқа жақындық дәрежесі

Бастапқы
қосалқы

Стенограммалар анықтамалар, жинақтаулар

Құжаттарды талдау кезінде ресми құжардың ресми емес құжаттарға қарағанда барынша шынайы; жеке құжаттардың, жеке емес құжаттарға қарағанда сенімді, бастапқының қосалқыға қарағанда сенімді екендігін есте сақталғаны жөн.


Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді: дәстүрлі ( мұнда: жалпы және арнайы) және қалыпқа келтірілген ( мұнда: контент- талдау, жаднама – сұрақнама).
Дәстүрлі талдау ретінде «құжатты белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі... іс жүзінде бұл құжаттың мазмұнын түсіндірудің, оны талқылаудың өзі».
Қалыпқа келтірілген әдіс - сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге (қанша, уақыттың қандай кезеңіне) аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (TV және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.
Мәтін мазмұнына контент-талдау немесе ғылыми талдау пайда болған кезден бастап мәтәндәк газет материалдарын зерттеу үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде оның ерекшеліктерінің бірі мынада, ол бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу кезінде жиі қолданылады. Сонымен бітге ол құжаттарды: есептердің кез келген түрін, жиналыс, конференция, үкіметаралық келіссөздер, келісімдер хаттамаларын және с.с-ды талдау кезінде де қолданылады. Осы әдісті әр түрлі арнайы қызметтер жиі қолданады: ең құпия ақпараттың 80% соның көмегімен алынады.
Мәтін және оның мазмұны - контентт талдаудағы басты нәрселер. Зерттеуші мәтәннәі фактілерімен, оқиғалармен, осы мәтіннің материалдарын іріктеу принциптерін анықтайтын позиция, мүдде, ұстанымдар тұрғысынан анықтайтыннан басқа мәтіеді сөз етіліп отырған қарым –қатынастармен байланысын, негізінен неге ерекше назар аударылғанын, жаңылтпашта не жайында айтылғанын анықтайды.
Контент – талдау рәсімі талдау мәнін анықтаудан (социологиялық зерттеу мақсаттарына сәйкес), мәтіндік ақпараттан талдау санатын – талдаудың мағыналық бірлігін (таудау бірліг – автордың сөзімен, пікімен айтылған мәтіннің бөлігі) анықтаудан тұрады. Содан кейін талдау санатын қолдануды есептеу жүреді. Есептеу бірлігі - мәтінде осы немесе басқа мағыналық бірліктің кездесуі (жиілігі) тұрақтылығы ; ақпарат көлемін белгілеу ( мәтінің алаңы, абзацтар, жолдардың саны, эфирдегі уақыты және с.с.). маман жариялау шрифтіне, газет бетіндегі орнына немесе теле және радиожаңалықтардағы орнына, материалға берілетін тональдылыққа және т.б-на назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет