Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері



бет4/6
Дата21.02.2024
өлшемі123.5 Kb.
#492686
1   2   3   4   5   6
Әлеуметтік зерттеу - дайындалу мәлеметтер

Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады. Мамандар бақылаудың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: бақылау зерттеушілердің зерттелетін оқиғаға араласпауынсыз жүзеге асырылған кездегі қалыпқа келтірілген және қалыпқа келтірілмеген, қосылған ( мысалы, социолог митингтің қатысушысы болады) және қосылмаған. Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда ( мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі.
Социологиялық ақпаратты жинаудың ең бір ерекше және қиын игерілетін әдістерін эксперимент жатады. Эксперимент - `experimentum деген латын сөзінен шыққан - сынам, тәжірибе ) бақыланатын және басқарыланылатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Табиғи ( далалық, лабораториялық ) және ойша (үлгілік) түрлері бөліп көрсетіледі.
Социологияда табиғи эксперименттерді пайдалану адамдардан тұратын әлеуметтік зерттеу объектілерінің табиғатымен және зерттеушіден объектіге « зиян келтірмеу» деген моральдық норманы сақтауын талап етумен шектелген. Сондықтан көпшілік табиғи социологиялық эксперименттер шағын топтарда өткізіледі. Және әдетте әлеуметтік - психологиялық экспериментпен көптеген ұқсастықтары болады.
Ойша социологиялық эксперименттер барынша кең таралған, мәні бойын олар статистикалық талдау әдістері қолданылатын әрбір ірі социологиялық зерттеуге қатысады, және әлеуметтік процестерде компьютерде үлгіге келтіру кезінде негізгі болып табылады. Мұндайда барынша тиімдісі объекті өлшемінің бір бөлігі қалыпқа келтірілген, ал басқасы қалыпқа келтірілген және формальді бөлігі диалогтық режимде өзара әрекет ететін тұжырымдама, сценарийлер, адамның құндылық бағдарлары түрінде ұсынылған үлгілеудің адам – машина жүйесі болып табылады. Үлгілік эксперименттер табиғи әлеуметтік эксперименттің стратегиясын барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра алмайды.
Дәлелдеменің логикалық құрылымы бойынша гипотеза сызықтық және паралельді болып бөлінеді. Сызықтық эксперимент талдауға бір ғана топ тартылуымен ерекшеленеді. Паралельді экспериментте бір мезгілде екі топ қатысады: бақылау және экспериментті.
Осылайша, социологиялық зерттеулердің нақты әдістерін пайдалану зерттеудің жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне, сондай-ақ оның түріне байланысты болады.
Социологиялық сауалнама - социологиялық ақпарат алудың негізгі әдісі.
Сауалнама социологиялық деректерді сұрақ – жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда ақпарат көзіне адамдардың ауызекі хабарлары жатады жатады.
Сауалнамалар, егер олардың қоғамдық пікірді зерттеудің ғылыми әдісі формасын алған сәтті есептейтін болсақ, ол үш жылдық даму жолынан өтті. XVII ғасырдың ортасында-ақ француз математигі Б. Паскальдің және кейіннен итальян оқымыстысы И. Бернуллидіңі күш салуымен көпшілік сауалнамаларда іріктеу тоериясы сүйенетін үлкен сандар және ықтимал есептеулер заңы тұжырымдалды.
1660 жылы қос ағылшын Дис. Граунт пен У. Петидің ынтымақтасуымен жаңа зерттеу саласын құру аяқталды, олар оны « саяси арифметика» деп аталады, кейіннен ол « статистика» және «социология» деп аталады.
Қазіргі кезде бұл әдіс бастапқы ақпаратты жинаудың барынша кең таралған әдісі, яғни «алғашқы қолдан алынған» ақпарат әдісі болып отыр. Осы әдісті қолдану өнері нені сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге болатынын білуден тұрады. Мәселе осындай әдіспен респонденттерден алынған ақпараттың зерттелетін ақиқатты тек олардың санасында «ұйғарылған» түрде ғана көрсететінінде болып отыр. Сондықтан зерттеу мәні болып табылатын объективті ақиқат пен адамдардың мінез-құлықтары, оқиғалар мен құбылыстар туралы фактілері туралы пікірлерін көрсететін деректер арасында теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұдан әлеуметтік тәжірибенің адамдар санасында әр түрлі жағы бейнелену процесінің ерекшелігіне байланысты сауалнама әдісі арқылы алынған ақпараттың бұрмалануы мумкін екендігін әрқашан ескеру керек екендігі аңғарылады.
Сауалнама нұсқалары ( байланысу формалары бойынша):
1.Жеке немесе жанама түрде ( таралатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы).
2.Жеке немесе топтық.
3.Еркін немесе қалыпқа келтірілген, шоғырландырылған (бағытталған).
4.Ауызша немесе жазбаша.
5.Тұтас немесе іріктеме.
6.Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет