Тақырыбы: Ерте жастағы балаларда жедел асқорытудың бұзылуы. Диареялар. Емшек жасындағы балалардың созылмалы тамақтануының бұзылыстары



бет10/11
Дата03.01.2022
өлшемі32.47 Kb.
#451597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№6 Диарея гипотрофия

Аурудың алдын алуы: Баланы дұрыс тамақтандыру: мүмкіншілік болса табиғи тамақтандыру, шырын, қосымша тамақтарды уақтылы енгізу. Күн тәртібін дұрыс сақтау. Жұқпалы аурулардан сақтау. Ата-аналармен санитарлық-ағарту жұмысын өткізу.
Паратрофиялар Ю.А. Князев пен А.В. Картелишев (1975) классификациясы бойынша

салмақтың 15 - 25% -ға асуы, семіздіктің І дәрежесі 26 –50% - ІІ, 50 –100% - ІІІ 100% -тен асса – IV дәрежелі семіздік. Көбіне паратрофия ата-анасы конституциялы семіз балаларда, гиподинамияда, артық көмірсулы тамақтануда, ана сүтін шамадан тыс бергенде, құрғақ қоспалар дұрыс езілмегенде, тәтті шырындар, шай қолданғанда, балаға шамадан тыс ботқа, кілегей, кисель, печенье және басқа ұн өнімдерін, картофель пюресін бергенде, тағамда көкөніс пен жеміс жеткіліксіз болғанда пайда болады.



Клиникасы. Клиникада паратрофия қалыпты бойдан, артық салмақтан басқа, пастоздылық, бозғылттық пен тері құрғақтығы, бұлшық еті тонусы төмендеген, тері асты-май қабаты ұлғайған, ол біркелкі орналаспаған, қарында, құйрық пен бөкседе (әйел типті) көбірек. Май клеткалары негізінен алғашқы жылы жиналатындықтан, есейгенде бұл балаларда семіздік болады.

Емі. Паратрофияны негізінен балаға берілетін тағамда, көміртегі мен майды шектеумен емдейді. Тағам жалпы мөлшері де шектеледі, бірақ бала аш болмауы керек. Тез қорытылатын көміртектерінің (қант, конфет, ұн өнімдері) орнына көкөністі көбейту дұрыс.

Профилактикасы. Алиментарлы этиологиялы дистрофияны болдырмаудың бастысы – баланы тиімді тамақтандыру, қосымша тағамды уақытында енгізу. Тамақтану тәртібін, ішкен тамақ көлемін қадағалау. Бала тәрбиесі мен шынықтыру шараларын жүйелі жүргізудің де маңызы бар. Мезгіл-мезгіл салмақ өсуін қадағалауы, уақытында тамақтануды түзеп, бала организмі трофикасын бұзатын ауруларды емдеудің ерекше маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет