Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ; - Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;
- Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;
- Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;
- Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;
- Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.
Этнопсихология - Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт. Ұлттық психологиядағы бастысы "ұлттық рух" деп қараған М.Лаңарус пен Х.Штейнталь (1860) "халықтар психологиясы" мектебінен бастау алады. XX ғ. басында бұл идеяларды В.Вундт "халықтар психологиясында" жалғастырды. Қазіргі этнопсихология тақырыбы тұрғысынан да, әдістері жағынан да біртүтас емес. Онда бірнеше бағыттарды анықтауға болады.
Этнопсихология әдістері
а) жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысты психофизиология, когнитивті процестер, жадында сақталған, көңіл-күй, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу;
в) әлеуметтендірудің этникалық ерекшеліктерін зерттеу. Өйткені ұлттық мәдениет мәні мен этносты құрайтын индивидтер ерекшеліктері бір емес, мәдениеттанулық және психологиялық зерттеулердің арасында қашан да алшақтық болады.
б) топаралық қатынастарды, үстанымдарды, стереотиптерді зерттейтін әлеуметтік және саяси психо- логиядан алынған әдістер мен түсініктемелерді пайдаланып этникалық сана- сезімді зерттеу;
ә) этнографияның, фольклористиканың, өнертанудың бөлімдерімен байланысты символдық элем мен халық мәдениетінің құндылықты бағдарларын мәдениеттанулық зерттеу;
Достарыңызбен бөлісу: |