- Этникалық бірегейлік - этнос пен оның өкілінің өзіндік сана-сезімінің негізі. Этнос - өзінің бірегейлігін сезінген халық. Этникалық бірегейлік негізіне келесі белгілер жатады: "жер қыртысы" (табиғи орта, атамекен, Жер Ана); "қан" (антропологиялық белгілер: нәсілі, көз қиығы, бет әлпеті және т.б.); тіл (бірдей ойлап, әлемдік құндылықтарды біркелкі түйсініп, пікір білдіру құралы ретінде); діл (мәдени-психологиялық стереотиптер және мінез-құлық, әдет-ғұрып үқсастығы); көркем мәдениет (өнер, мейрамдар); тұрмыс (ұлттық тағам, киім, тұрмыс-салт ерекшеліктері); мифология (бірегейліктің негізін құрайтын құндьшықтар мен үміттердің жүйесі).
Қорытынды Қазақстан егемендігін алғаннан кейін жағдай көп өзгере бастады.Қазіргі нарықтық жағдайда Қазақстанда тұратын ұлттар, ұлыстар қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын билікке, теңдікке, еркіндікке, бостандыққа қол жеткізді. Ұлттар арасында сенімділік, ынтымақтастық, келісушілік, түсінушілік күшейе түсті. Олардың арасындағы алуан түрлі қатынастар қоғам бірлігін, тұтастығын күн сайын дамытып жетілдіруде. Ұжымдарда, фирмаларда, мәдени орталықтарда, білім ордаларында, шаруашылықта алуан түрлі ұлт өкілдері бір адамдай еңбек. Мұның өзі республикада тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің одан әрі дамып, әл ауқатының жақсара беруіне зор кепіл болып есептеледі. Пайдаланылған әдебиеттер - Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
- Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
- Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004
- А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
- К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005
- https://melimde.com/etnikali-eleumettanu.html
- https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D1%82%D0%BD%D0%BE%D1%81
Достарыңызбен бөлісу: |