2. Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар. Ғылыми жобалар мемлекетаралық стандарттау меторология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен қабылданған, МБСТ (ГОСТ) 7.32-2001 және 7.1- мемлекетаралық стандартына сәйкестендіріліп орындалуы және рәсімделуі қажет.
Ғылыми жобаны рәсімдеу бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі: Ғылыми жобада:
- бет (титул) парақ;
- мазмұны;
- кіріспе;
-негізгі бөлім;
- қорытынды;
-пайдаланған әдебиеттер, деректер тізімі;
-қосымша (егер қажет болса) болу керек.
Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.
Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:
- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады ( Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.);
- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).
- зерттеу күнделігі.
Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).
Мазмұны бар беттерді ресімдеу:
а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;
ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;
в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).
3.Ғылыми жобаның құрылымы мен мазмұны. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның ғылыми және практикалық мәні негізделеді. Кіріспеде мынандай параметрлер болуы керек: Қорғауға ұсынылған зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, әдісі, тақырыптың зерттелу деңгейі (тарихнамасы),деректік негізі,зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері,ғылыми жаңалығы,қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы,зерттеу жұмысының сыннан өтуі,зерттеу жұмысының құрылымы. (2 бет)
Зерттеудің өзектілігінде өзінің шешімін талап ететін ғылыми проблеманың маңыздылығы, замануилығы, мәні.
Зерттеудің мақсаты – үйлестірілгн іс қимылдарды анықтау нәтижесінде қойылған ғылыми проблеманы, міндетті шешудегі ғылыми зерттеудің бағыты. Зерттеудің мақсаты бір сөйлеммен түсінікті, қысқа, айқын, сипатталған болуы керек.
Зерттеудің міндеттері – зерттеу мақсатына жету үшін шешімдерді қажет ететін өзара байланысқан және өзара келісілген сұрақтардың жиынтығы. Зерттеудің міндеттері нақты ғылым зерттеу іс-қимылдарының орындалуын болжайды (орнату, анықтау, есертеу, зерделеу т.б) Мәселенің тарихын зерделеу, ғылымдағы бар көзқарастарға шолу жасау, бар материалдарды жинақтау - зерттеу міндеттеріне кірмейді.
Зерттеу нысаны - шешілуі ғылыми зерттеуді қажет ететін мндеттердің бар екендігін сипаттайтын объективті әлемнің бөлігі.
Зерттеу пәні – зерттеу нысаны мен пәні ғылыми жобаның категориясы ретінде бір-бірімен жалпы және жеке өзара байланысады.
Зерттеу әдістері – теориялық және практикалық зерттеудің жолдары, әдістері, мақсатқа жету жолдары.
Зерттеудің жаңашылдығы – автор алғаш рет қол жеткізген жаңа, сирек кездесетін, өзіндік нәтижелер.
Негізгі бөлімде жобаның әрбір бөлімі зерделеніп жатқан тақырыптың басты мәселелерінің бірін ашуы керек. Бөлімдер бөлімшеге бөлінуі мүмкін (10-12 бет).
Қорытындыда тақырыпты зерделеудің нәтижелерін келтіру, басты мәселелер бойынша өзінің көзқарасын негізге ала отырып жазуы керек. Қорытынды да жаңа мәліметтер, айғақтар келтірілмейді, қорытынды жұмыстың негізгі мәтінінен туындауы қажет. (көлемі 1 бет)
ҚОСЫМША 2.
Достарыңызбен бөлісу: |