Тақырыбы: «Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері» Кіріспе  Ғылымның салалары  Ғылыми зерттеудің түрлері Кіріспе



бет22/52
Дата24.12.2022
өлшемі106.39 Kb.
#467858
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Ãûëûìè æóìûñòàð íåãèçè

Проблема (мәселе)
Проблема - бұл күрделі теориялық және практикалық мәселелердің жиынтығы, қоғамда туындаған мәселелерді шешу. Әлеуметтік-психологиялқ ұстаным тұрғысынан қарағанда проблема бұл білім мен оны игерудегі қоғамдық қажеттіліктер арасындағы қайшылықтардың көрінісі, яғни білім мен білімсіздіктің арасындағы қайшылық. Проблема адам тәжірибесі қиыншылық кездестіргенде немесе мақсатқа жетуде «мүмкін емес» жағдаймен соқтығысқанда туындайды.
Проблема ғаламдық, ұлттық, аймақтық, салалық, салааралық яғни туындаған міндеттерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен, мысалы табиғатты қорғау мәселесі ғаламдық проблема болып табылады, дегенмен, оны шешу жалпы адамзаттық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Жоғарыда аталғандардан басқа жалпы және спецификалық проблемаларды айтуға болады. Жалпы проблемаларға жалпығылымдық, жалпыхалықтық проблемаларды жатқызады.
Спецификалық проблемалар белгілі бір кәсіпорындардың өндірістеріне тән. Сонымен Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарында мұндай проблемалар мұнай бөлінуді өсіру және мұнай мен газ өндіретін құралдардың жаңа түрлерін жасау болып табылады. Ғылыми зерттеу тақырыбы мен мәселені таңдағанда бастапқыда зерттеліп отырған бағыт қайшылықтарын сараптау негізінде проблеманың өзі қалыптасады да күткен нәтижелердің жалпы кескіні анықталады, сосын проблема құрылымы жасалады, тақырыптар бөлініп алынады, мәселелер мен орындаушылар ерекшеленіп олардың көкейкестілігі белгіленеді.
Мұнда ғылыми проблемалардан жасырын (жалған, алдамшы) проблемаларды айыра білу маңызды. Жалған проблемалардың көп бөлігі ғылыми қызметкерлердің жеткіліксіз ақпараттандырылмағандығымен байланысты, сол себепті кейде нәтижені ерте алу мақсатындағы проблемалар туындайды. Бұл ғалымдар еңбегінің бекер кетуіне әкеп соқтырады. Сонымен қатар кейде айрықша актуальді проблеманы қарастырғанда оны шешу мақсатымен әр түрлі ғылыми ұжымдарды конкурс тәртібімен анықтауға тура келеді.
Ғылыми зерттеудің тақырыбы және ғылыми мәселелер
Ғылыми зерттеудің тақырыбы мәселенің құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу нәтижесінде тақырып бойынша мәселені қамтитын ғылыми мәселелерге жауап алынады.
Кешен бойынша нәтижені байыту ғылыми проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Проблеманы негіздеген соң және оның құрылымын белгілеген соң ғылыми зерттеудің тақырыбы анықталады, оның әрқайсысы актуальды болуы қажет (маңызды тез шешілуді талап етілетін), ғылыми жаңашылдығы болуы шарт, яғни ғылымға табыс әкеліп, халық шаруашылығына экономикалық әсері болуы керек. Сол себепті тақырып таңдау арнайы техникалық экономикалық есеппен базаланғаны жөн. Теоретикалық зерттеулер жасағанда үнемділік талаптары (требование экономичности) кейде отандық ғылымның беделін анықтайтын мәндік талап-тілектерге алмастырылады.
Әрбір ғылыми ұжымның (жоғарғы оқу орны бөлім кафедра) орныққан дәстүрлер бойынша зерттеудің тәжірибе жинауына, жұмыстың теориялық деңгейңн өсіруіне, экономикалық әсері мен сапасына, зерттеуді орындаудыңмерзімін қысқартуға ықпал ететін өзіндік ғылыми квалификациясы болады.
Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-нің «мұнай және газ кен орындарын пайдалану мен игеру» кафедрасының ғылыми бағыты-геомеханикалық және геотехниалық әдістер және өңдеу технологиялары мен Қазақстанның мұнай және газ орындарын эксплуатациялау, тақырыптың маңызды сипаты-алынған нәтижелерді өндіріске тез арада енгізу болып табылады. Нәтижелелерді енгізуді қамтамасыз ету өте маңызды. Енгізу тежелген жағдайда мұндай тақырыптың әсері төмендейді.
Тақырыпты таңдауға аталған мамандықтар бойынша отандық және шетелдік әдебиет көздерімен танысу басшылық жасауы керек. Ғылыми зерттеулерді ұжым көлемінде жасағанда сын, пікірталас, мәселені талқылау үлкен рөлге ие болады. Пікірталас процессінде әр түрлі көлемдегі әлі шешілмеген актуальды мәселелер анықталады.
Бұл жоғарғы оқу орындарының әр түрлі курсында оқитын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысуына жағдай туғызады. Бірінші кезеңде оқытушылар студенттерге бір-екі тақырыпта мәнжазба (рефераттар) тапсырыс, олармен кеңес өткізіп, нақты міндеттерді анықтауы керек.
Бұл жағдайда ғылыми жұмыс үрдісінде тапсырыс берушінің талабына сәйкес бірнеше өзгерістер енуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет