Тақырыбы: «Физиканы танып біл» (физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс) Мақсаты



Дата15.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#472270
түріСабақ
Тақырыбы банкомат ойыны


Тақырыбы: «Физиканы танып біл»
(физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарынарттыру; ойлау қабілетін дамыту; бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін шындау; топпен жұмыстана білуге баулу; еңбекке баулу;
Түрі: ойын-сабақ
Көрнекіліктер: презентация, интерактивті тақта, компьютер,
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы пәндер
Сайыстың кезеңдері:
1-кезең: Таныстыру
2-кезең: Банкомат ойыны
3-кезең: Физикалық жұмбақтар
4-кезең: Бәс сауда
5-кезең: Ойланайық, ойлайық!
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: - Армысыздар, қадірлі ұстаздармен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Физиканы танып біл” атты сайысымызға қош келдіңіздер! - Күш, өнер, білімменен алысуға. Бар өнерді салайық ортамызға, Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 7 сынып оқушыларынан құралған топтарды ортамызға шақырамыз. Әділ баға беруге, Шақырайық ортаға Әділқазылар алқасын – дей отырып, бүгінгі сайымызда әділ баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық. - Сайысымыздың шарттарын таныстырып өтсек, жалпы сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
3 кезең – «Физикалық жұмбақтар» бұл кезеңде 12 жұмбақ қойылып, жауабын үш тілде айтылады. Толық – 30 ұпай.
1. Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт-время-time)
2. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, Тағы да бір белгісіз шама шықты. Ол болмаса денелер қозғалмайды, Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық-скорость-speed)
3. Төңірегі теңкөрініп, Теген жатыр төңкеріліп, Жас та сиған, кәрі сиған, Астына оның бәрі сиған. (аспан-небо-sky)
4. Отқа жанбас, Суға батпас. (мұз – лед-ice)
5. Жылт - жылт етеді, Жылғалардан өтеді  (Су – вода-water)
6. Жылдың төрт мезгілінде де, Мазасызданады ол неге? (Жел-ветер-wind)
7. Тар шеңберді айналып,Тұр құдықта байланып.Қаға берер таңдайды, Әдетінен танбайды (сағат-часы-watch)
8. Қозғалысқа келтіріп, Жылдамдығын береді. Өлшемдерін қарасақ, Ньютонға ол келеді. (күш-сила-force)
9. Жоғалмайды ешқашан, Түрлендірсек егер де. Басқа күйге ауысқан, Жұмыс істейді әрқашан. (энергия-энергия-energy)
10. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа-воздух-air)
11. Жұрттың бәрі соны сүйеді, Бірақ қарағысы келмейді. (күн-солнце-day)
12. Тетігін бассаң алаңсыз Жазады қалам қағазсыз. (компьютер-компьютер-computer)

Ойланайық, ойлайық! 


Жай көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді (молекула)

Өзі затты құрайды


Теңелуге таразыны сұрайды (масса)

Көтерілсе жоғары


Ерітер мұхит мұздарды
Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды (температура)

Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді (күш)

Оңынан оқы тіршілік нәрі


Солынан оқы онсыз адам
өсімдік, аң, құс
әп-сәтте сөнер
тұншығып бәрі (ауа)

























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет