ІІ топқа қойылатынсұрақтар 1.Реагенттер дегеніміз (әрекеттесуші заттар)
2.Әрбір газ қанша көлем алады (22,4 л/моль)
3.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
4.Темірдің валенттіліктері қанша? (2, 3) 5.Химиялық әрекеттесуге кіріскен заттардың массасы одан түзілетін заттардың массасына тең қандай заң тұжырымдамасы? (заттар массасының сақталу заңы) 6.Алюминийдің атомдық массасы қандай? (27) 7.Химиялық элементтердің горизонтал қатары (период)
8.Металл атомы мен гидроксо тобынан тұратын қосылыс қалай аталады? (негіздер)
9.Бейэлектролиттерде болатын химиялық байланыс (коваленттік полюссіз байланыс)
10.Латынша диссоциация ұғымы нені білдіреді? (ыдырау)
11.Диссоциациялану дәрежесі 3% бен 30% аралығында болатын электролиттер (орташа)
12.Сулы ерітіндіде дисссоциацияланғанда анион ретінде ОН иондарын түзетін қосылыс (негіздер)
13.Иондық реакциялар қандай жағдайда толығымен жүреді? (тұнба түзілсе, газ бөлінсе, су түзілсе)
14.Литий, натрий, күміс валенттілігі (бір валентті)
15.Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)
2-бөлім. «Химиялық өрмек» Ережесі: Cіздерге 1-20 ға дейін сандар беріледі». Әрбір топ 7 сұрақтан таңдайды. Таңдалған сандары бойынша әрбір топ өрмектегі санды таңдап, Жүргізуші өрмектегі дөңгелекті алып, оның артындағы жасырын тапсырманы оқиды.
Кейбір нөмерлердің астында жасырылады:
- «өрмекші» : ойының келесі кезеніне өту ;
- «Інжу»: бұл топ 1 ұпайды ие болып, ойынды әрі қарай жалғастырады;
- «су тамшысы»: 10 ұпай «жуылып кетеді».
4. Әрбір дұрыс жауапқа топтар 10 ұпайға ие болады, ал егер жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топтар жауап бере алады және дұрыс жауап үшін 10 ұпайға ие болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар. Ғаламшарда ең көп таралған элемент (сутек)
«Өрмекші»
Ең қиын балқитын металл? (вольфрам)
Зертханаға оқушылар кірген кезде ақ ұнтақ салынған СаО формуласы жазылған, банкені көреді. Сырым: «бұл үлпілдек әктас»-деді, ал Қайрат: «иә, бұл әктас, бірақ күйдірілген әктас»-деді, ал Әділ: «бұл сөндірілмеген әк»-дейді. Қайсысы дұрыс айтып тұр? (барлығы)
«Өрмекші»
Керосин құйылған құтыға металл калийді салған кезде не байқалады? - деп мұғалім сұрады. Сырым: «калий активті металл болғандықтан, сондықтан керосинге салынған кезде ол лапылдап жанады»-деді. Қайрат: «ештенеде болмайды, себебі калий ауамен жанасқан кезде жанады, сондықтан ол керосині бар құтыға салынбайды»-деді. Әділ: «металл ыдыстың түбіне түсіп, сол қалпы жатады, химиялық реакция жүрмейді»-дейді. Қайсысы дұрыс айтып тұр? ( Әділ, себебі калийді керосинің астында сақтаймыз)
«Інжу»
Қандай зат үш агрегаттық күйде болады ? (Су)
«Өрмекші»
Маған бұрынан назар аударылған, бірақ мені ешкімде ұстай алмады. Швед ғылымы К.Шееле және ағылшын химигі Джозеф Пристли мені толығым зерттеді. 1774 жылы олар мені ашты, бірақ К.Шелее Джозер Пристлиден 5 жылдан кейін мені алғаны туралы хабарлағандықтан атақ Джозер Пристлиге берілді. Шееле мені «жанғыш газ» деп , ал Пристли – «дефлогистирлі ауа» -деп атады. Екеуіде қателесті. Өзім туралы айтып кетейін, атмосферада- 21% , литосферада – 28% құраймын. Гидросферада 89% құраймын, ал 50 км биіктікте менім мөлшерім 10%, ал 100 км биіктікте 0,1% құраймын. Адам ағзасында мен 45 кг мөлшерде кездесемін. Тәулікте адам мені 750 литр көлемінде қабылдайды, ешқандай қоспасыз. Мен қандай газбын ? (Оттегі)
Мені 16 ғасырда Парцельс темір шегені күкірт қышқылына салған кезде алған. 17 ғасырдың соңында мені Роберт Бойль зерттеді. Ол мені темір ұнтақтарына тұз қышқылын құйған кезде алды. Ол мені шыны ыдысқа жинаған және мені ауа деп есептеген. Роберт Бойльдің шәкіртті Лемери мені құтыға жинап, оның ауызына майшамды апарған кезде жарылыс пайда болды, осы жарылыстан Лемери шыны сынықтарынан мерт бола жаздады. Ең соңында ағылшын химигі Генри Каведиш 1766 жылы мені ашты. Сол кезде мені «жанғыш газ». Мені таза күйінде 1783 жылы Лавуазье судан алды. Солай мен химиялық элементтердің қатарына ендім. Жерде менімен мөлшерім 1%, ал күнде мен 80% . Қалған элементерге қарағанда менің атомдарым қосылыстарда көп мөлшерде кездеседі. Менің молекулаларым атмосфераның жоғарғы қабатарында жиналады. Мен кіммін ? (сутегі)