Тақырыбы: «Химиялық бәйге» (8, 9, 10 сыныптар) Сайыстың тақырыбы



бет1/4
Дата11.02.2024
өлшемі3.79 Mb.
#491610
  1   2   3   4
бәйге





Тақырыбы: «Химиялық бәйге»
(8 , 9, 10 - сыныптар)

Сайыстың тақырыбы: «Химиялық бәйге»

Жүргізуші: Отанымыздың саяси, мәдениеті дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.


Сондықтан «Химиялық бәйге» ойының ашық деп жариялаймыз. Енді қатысушы топтарды ортаға шақырып, әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.


Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Сайысқа түсуші оқушыларға сабырлық пен жеңіс тілей отырып, ұлы Абай атамыздың өлең жолдары бастайық
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғалмай.
Ғылымның білім пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай.


Сайыстың бөлімдері
1-бөлім. «Кім жылдам?»
2-бөлім. «Химиялық өрмек»
3-бөлім. “Жұмбақтар аралы”
4-бөлім.“Формулалар сыры”
5-бөлім.“Химиялық портрет”


1-бөлім. «Кім жылдам?»
Ережесі: 1 минут ішінде лездік сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа бір балл)


І топқа қойылатын сұрақтар
1.Периодтық заңды кім және қашан ашты? (1869 жыл, Менделеев)
2.Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті)
3.Химиялық реакция типтерінің қанша түрі бар? (төрт)
4.Сүзу әдісімен бөлінген ерітіндіні қалай атайды? (сүзінді)
5.Химиялық реакцияның қандай белгілерін білесің? Атаңыз. (жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, т.б)
6.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)
7.Берилий, мырыш, кальций, магний валенттіліктері (тұрақты екі валентті)
8.Химиядағы басты ұғым (химиялық элемент)
9.Формуланың алдына қойылатын сан (коэффициент)
10.Химиялық реакция типтерін атаңыз (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу)
11.Авогадро тұрақтысының мәні (6,02*1023)
12.Заттардың өзара әрекеттесетінін көрсететін таңба («+» қосу таңбасы)
13.Алмасу реакцияна қандай заттар қатысады? (екі күрделі)
14.Зат мөлшерінің белгіленуі, немен өлшенеді? (ню, мольмен өлшенеді)
15.Қосылу реакциясы дегеніміз (екі немесе бірнеше заттар өзара әрекеттесіп, бір күрделі заттың түзілуін айтады)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет