Тақырыбы: Жалағаш ауданы бойынша 2017-2019 ж балаларда анықталған церебральді сал ауруларының кездесу жиілігі


Кинезотерапия әдісін қолданудағы қағидалар



бет10/15
Дата25.12.2023
өлшемі194.15 Kb.
#487911
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Церебральды сал ауруы бар балалардың даму ерекшеліктері

Кинезотерапия әдісін қолданудағы қағидалар
Осы топтағы балалармен түзету-педагогикалық көмекті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру кезінде келесі қағидалар қолданылады:
1. Тұтастық және кешенді әсер ету қағидасы кезінде кешенді ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс кезінде диагностикалаудың және бала дамуын түзетудің тұтастығы, мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың отбасына педагогикалық, психологиялық және медициналық көмек көрсете алатын ғылыми-практикалық жүйенің тұтас ұйымын құру; кешенді көмек көрсету тең құқылы үш бағыттан тұрады: медициналық, психологиялық, педагогикалық.
Әрбір маман тек қана өз жұмысының бөлігін ғана орындап қоймай, сонымен қатар өз сабақтарына басқа мамандардың ұсынған материалдарын сабақты бекіту кезінде қолданады.
2. Баланың жеке даму екпініне ілесу қағидасы. Әр баланың адекватты мүмкіндіктерін дамыту үшін оның жеке ерекшеліктерін есепке алу.
3. Қатал педагогикалық көмек қағидасы. Көмек бала жұмыстан бас тартатындай емес, керек нәтижеге қол жеткізетіндей дәрежедей болу керек.
4. Ата-анамен тығыз баланыс орнату қағидасы. Ата-аналар бейімдеу процессінің белсенді мүшесі болып табылады. Олар мекемеде балаға қандай медициналық, психологиялык және педагогикалық көмек көрсетілетінін білулері кажет. Ата-аналарды баламен жұмыстың жоспарын талқылауға, оларды баланың жасаған жұмысының нәтижесімен таныстырып отыруы тиіс. Арнайы білім беру мекемесінде ата-анамен байланыстың біркелкі, тығыз байланыс калыптасу керек. Мұғалімнің біліктілігі ата-ананың балаға қатысты жоғары дәрежелі жағымды әсерінің негізінде көрінеді.
Кинезотерапия әдісіндегі жаттығуларды төмендегідей қарастырады:
1) Бастың жан-жаққа бұрылу көлемі анықталады;
2) Емделушіге кеуде қимылын жасауды ұсынады ( кеудесін «қысу»);
3) Қолын горизонтальді және жоғары көтеру:
4)Шынтақты бүгу және жазу жаттығулары;
5) Саусақтардың пронация және супинациясы;
6) Саусақтардың жиналуы және жазылуы, қалып-күйдің праксисі, қалып - күйдің орындалуы;
7) Парез және қозғалыс бұзылыстарын анықтаудың жеңіл деңгейі үшін емделушіге ауада қолын алға қарай созған денгейде саусақтарын ашып, жұмып жаттығулар жасауды ұсынған жөн;
8) Кезекте кеудені бүгу жэне жазу, оңға және солға еңкею жаттығуы;
9) Бел, жамбас, табан, саусақ бөліктерінде бүгілу және жазылу жаттығулары жасалады;
10) Жүру жаттығулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет