Тақырыбы: Жалағаш ауданы бойынша 2017-2019 ж балаларда анықталған церебральді сал ауруларының кездесу жиілігі


Стандартты (дәстүрлі) бағдарлама бойынша балаларды емдеу әдістемесінің мазмұны



бет9/15
Дата25.12.2023
өлшемі194.15 Kb.
#487911
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Церебральды сал ауруы бар балалардың даму ерекшеліктері

Стандартты (дәстүрлі) бағдарлама бойынша балаларды емдеу әдістемесінің мазмұны:
Емдеудің стандартты курсына ЕДШ жеке сабақтарынан баска Artromot тренажерындағы сабактар кіреді (2-сурет). Тренажерде жаттығуды бастамас бұрын, оны балаға бейімдеу керек: - иілу, кеңейту бұрыштарын өлшеңіз (гониометр); - баланы тренажерде орындыққа қойыңыз, сонда аяғы босаңсып, тізе буынында шамамен 120-140 градуска бүгіледі; - тренажерде аяқты арнайы белдіктермен бекітіңіз; - тренажерді қосыңыз және иілу және кеңейту бұрыштарын өлшеулерге сәйкес реттеңіз; - тест режимін косыңыз және баланың сезімдерін қадағалаңыз (тренажер жасаған ауырсынуды тудырады ма);
Э.Мазанек эдісі.
Әдіс психологиялық-педагогикалық оңалту негізінде берілген.
1. Баламен міндетті түрде эмоциялық қарым-қатынас кұру және оған жеке байланыс орнату.
2. Баланы кауіпсіздік сезімімен қамтамасыз ету.
3. Жұмысқа баланың белсене қатысуы. Балаға жұмыстың киындықтары мен кемшіліктерін айту қамтылады.
4. Тапсырманың мазмұны мен көлемі баланың жасына емес мүмкіндігіне сай жасалады.
5. Жұмыс ойын негізінде жүзеге асады.
6 . Жұмыс күші баланың мүмкіндігіне сай.
7. Тапсырманы орындау уақытының біртіндеп ұзаруы және тапсырманың күрделенуі.
8. Материалды кайталау және бекіту.
9. Мадақтау және көмектеу.
Э. Мазанек әдісінде бала жасына сай 3 кезең қарастырылады.
І кезең. 0-2 жас аралығындағы балаларға арналған. Негізгі бағыт сенсоматорлы дамуы және көрнекілік ойлаудың калыптасуы болып табылады. Барлық қызмет сөзбен басқарылады.
II кезең. 2-4 жастағы балаларға негізделген. Бұл бейнелі ойлаудың дамитын уақыты. Сөйлеу тілі суреттер мен кітаптардың көмегімен дамиды.
III кезең. Төрт жастан кейінгі кезең. Сабақтар міндетті түрде балалар ұжымында жүргізіледі, алғашқы математикалық түсініктер қалыптасады, танымдық процесстері дамиды.
Кинезотерапия.
Кинезотерапия (лат. Kinesis - козғалыс, terаріа - ем) - бұл арнайы кысым мен қозғалыс арқылы жүргізілетін ем. К.Гален өзінің «Искусство возвращать здоровье» атты еңбегінде «мен жаттығулардың арқасында емделушілерімді мың рет емдеп шықтым» - деген.
Кинезотерапияның негізін салушы америкалық зерттеуші Джордж Гудхард болып есептеледі.
Ресейлік профессор, медицина ғылымдарының докторы Бубновский Сергей Михайлович қазіргі кинезотерапияның негізін салушы автор болып табылады. Ол кинезотерапия негізінде «Бубновский триадасы» деген ұғым қалыптастырды. Яғни кинезотерапияның үш негізгі оңалту факторы деп «жүктеме + стретчинг + аэробика» қарастырды.
Кинезотерапия - бұл сауықтыру процесінде емделуші толыққанды катыса алатын, ем жасаудың белсенді әдісі. Кинезотерапия жағдайында емделушіде кайта қалпына келу процессін жылдамдататын қасиеттер: өз күшіне сену, сырқатын бақылау қалыптасады.
Кинезотерапия негізі белсенді және дұрыс қимыл-қозғалыс жасауда және әрбір жаттығуды дұрыс таңдай білуде. Сонымен қатар кинезотерапия дұрыс тамақтану, дем алу және су процедуралары негізінде жүзеге асады.
Кинезотерапия медицина, педагогика, анатомия, физиология, биохимия және т.б. ғылымдармен біріккен түрде жұмыс жасайды. Кинезотерапия, яғни емдік жаттығу орындау немесе оны таңдау кезінде орындалатын жаттығулар жүйесін дұрыс таңдау үшін емделушінің мүмкіндігі мен денсаулығын ескеру кажет. Көбінесе жаттығу барысында емделушінің сақталған қимыл-әрекетін белсендіру жаттығуларынан басталады. Белсенді жаттығуларды емделушінің мүмкіндігіне сай - жатып, қырынан, отырып, тұрып немесе жүрген кезінде жасауға болады. Белсенді қозғалысы жоғарыдан төменгі бағытта зерттеледі; әдетте тек кейбір негізгі қозғалыстардың көлемі анықталады.
Бет әлпетінде маңдайының жоғарыға жиналуы, қастың козғалысы, көз алмасының қозғалысы, ауызды ашу және ауыз куысының козғалысы, тілді кимылдату секілді қызметтері тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет