Әдістеме 1. Б.К.Пашнев бойынша Танымдық белсенділік деңгейін зерттеу сауалнамасы Мақсаты:оқушылардың танымдық белсенділік деңгейін анықтау
Сауалнаманың деректері бойынша:
- бақылау тобындағы оқушылардың 33%-ында және эксперименттік топ оқушыларының 20% - ында танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейі анықталды.
- бақылау тобындағы оқушылардың 27%-ында және эксперименттік топ оқушыларының 33%-ында танымдық қызығушылықтың орташа деңгейі анықталды;
- бақылау тобындағы оқушылардың 40% −ында және эксперименттік топ оқушыларының 47%-ында танымдық қызығушылықтың төмен деңгейі анықталды;
Жалпы, екі топтағы барлық оқушылар өте ұқсас нәтижелер көрсетті, оқушылардың нәтижелері айтарлықтай ерекшеленбейді.
Әдістеме 2. Н.Г. Лусканова бойынша Танымдық қызығушылықтың мотивация деңгейін анықтау Әдістеме 2. Н.Г. Лусканова бойынша Танымдық қызығушылықтың мотивация деңгейін анықтау Мақсаты: оқушылардың математика сабағына деген танымдық қабілетінің деңгейін анықтау.
Оқушылардың жауаптарын талдап, келесі нәтижелер анықталды: бақылау тобында жоғары мотивация 6 оқушыда (40%), орташа деңгей 5 оқушыда (33%). Танымдық қызығушылықтың мотивациясының төмен деңгейі 4 оқушыда(27%). Эксперимент тобында 5 оқушының 33% - ы жоғары деңгейге, 4 оқушының 27%- ы орташа деңгейге, 6 оқушының 40% - ы төмен деңгейге сәйкес келеді.
Әдістеме 3. Н.Н.Александров және Т.И.Шульга бойынша Шешілмейтін тапсырма әдісі
Мақсаты оқушылардың интеллектуалдық белсенділік деңгейін анықтау болып табылады.
Диагностикалық әдістеменің нәтижелері: бақылау тобының оқушылары зияткерлік белсенділіктің келесі деңгейін көрсетті: 3 оқушыда жоғары (20%), 6 оқушыда (40 %) зияткерлік белсенділіктің орташа деңгейі бар, белсенділігі төмен, 6 оқушыда (40%). Эксперимент тобының оқушылары келесі нәтижелерді көрсетті: 2 оқушыда (13%) дербестіктің жоғары деңгейі анықталды, 5 оқушыда (33%) зияткерлік белсенділігінің орташа деңгейі бар және 8 оқушыда (54%) зияткерлік белсенділіктің төмен деңгейі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |