RADARMEDIA
Выберите самое неприятное лицо и узнайте все о своей психике
УЗНАТЬ БОЛЬШЕ
ІІ. Жүрек- қантамыр жүйесінің аурулары.
Тақырыбы: Ревматизм.
1. А- топты β- гемолиздеуші стрептококтың әсерінен дамитын және жүрек- тамыр жүйесін басым зақымдайтын дәнекерлік тінінің жүйелі инфекциялық- аллергиялық ауруы:
а) миокард инфаркты
б) ревматизм
в) атеросклероз
г) кардиомиопатиялар
е) стенокардия
2. Ревматизмді қоздырушы:
a) пневмококк
б) стафилококк
в) β - гемолизді стрептококк А - тобы
г) клебсиелла
е) микоплазма
3. Ревматизмнің белсенділігін анықтайтын көрсеткіш:
a) эритроциттің тұну жылдамдығы
б) лейкоциттер
в) лимфоциттер
г) моноциттер
е) нейтрофильдер
4. Ревматизмді артриттің ревматоидты артриттен айырмашылығы:
a) орта буынның қабынуы, ұшпалы ауырсынуы, деформацияға ұшырамайды
б) буын үсті қызарады, қимылы азаяды
в) деформациялық өзгеріске ұшырайды, буын үсті қызарады
г) буын ісініп, қызарады
е) майда буын үсті ісініп, деформациялық өзгеріске ұшырайды
5. Ревматизмнің биохимиялық қан талдауындағы өзгерісі:
a) С-реактивті белок пайда болады
б) миоглобулин пайда болады
в) гипербилирубинемия
г) гипергликемия
е) гипоальбуминемия
6. Ревматизмнің белсенділігін бәсеңдету үшін емдеу принциптерінде қолданатын дәрілер тобы:
a) буын ішіне кеналог енгізу
б) стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектер, глюкокортикоидтар
в) витаминдер, антиагрегантар
г) кальций антагонистері, гепатопротекторлар
е) бронхолитиктер, антацидтер
7. Ревматизмнің асқынуы:
a) өкпе жетіспеушілігі
б) бауыр жетіспеушілігі
в) бүйрек жетіспеушілігі
г) жүрек ақаулары
е) бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі
8. Ревматизммен ауырған науқастарға тағайындалатын емдәм түрі:
а) №15
б) №10
в) №5
г) №4
е) №9
9. Ревматизмдегі жүйелердің зақымдалуы:
a) жүрек, буын, орталық нерв жүйесі
б) эндокрин жүйесі
в) қан жасау жүйесі
г) сүйек- бұлшық ет жүйесі
е) асқорыту жүйесі
10. Ревматизмде қолданылатын дәрі:
a) эуфиллин 0,15
б) Бицилин – 5 1 500 000 ӘБ
в) пентоксил 0,2
г) фенотерол 100 мкг
е) предуктал 0,02
11. Ревматизмнің алғашқы шабылуы басталады:
a) бронхиттен кейін
б) баспадан кейін
в) пневмониядан кейін
г) артериалды гипертензиядан кейін
е) ревматоидты артриттен кейін
12. Ревматизмде жүректің зақымдалуының атауы:
a) кардиттер
б) отит
в) цистит
г) артрит
е) остеомиелит
13. Ревматизмен қайсы жаста жиі ауырады:
a) 7- 15 жас аралығында
б) 20- 30 жас аралығында
в) 35- 45 жас аралығында
г) 40- 50 жас аралығында
е) 50 жастан жоғары
14. Ревматизмнің белсенділігінің III-дәрежесіндегі ЭТЖ көрсеткіші:
a) 12 мм/сағ
б) 20 мм/сағ
в) 36 мм/сағ
г) 62 мм/сағ
е) 30 мм/сағ
15. Ревматизмнің біріншілік алдын алу шаралары:
a) созылмалы инфекциялық ошақтарды емдеу
б) тиімді тамақтану
в) салауатты өмір салтын қалыптастыру
г) «дипансерлік» тізімге алу
е) зиянды әдеттерден алшақ болу
16. Ревматизммен ауырған науқастардың терісіндегі өзгерісі:
a) диффузды цианоз
б) «сақина» тәрізді эритемалар
в) геморрагиялық бөртпелер
г) «тамыр» жұлдызшалары
е) гематомалар
17. Ревматизм ауруының дамуына ықпал ететін себепші жағдайлар:
a) отит, гайморит, стоматит
б) остеоартроз
в) лейкемия
г) анемия
е) подагра
18. Ревматизмнің синонимі:
a) Сокольский- Буйо ауруы
б) Иценко –Кушинг ауруы
в) Минковский Шоффар ауруы
г) Бехтерев ауруы
е) Виллебранд ауруы
19. Ревматизмді полиартриттің дифференциалды диагностикасын жүргізу қажет:
a) ревматоидты артритпен
б) бронх демікпесімен
в) миокард инфарктымен
г) гипертониялық кризбен
е) стенокардиямен
20. Ревматизммен ауырған науқастарда қолданылатын қосымша тексеру әдістері:
a) жалпы қан талдау, биохимиялық қан талдау
б) жалпы зәр талдау
в) анамнез жинау
г) жалпы қақырық талдау
е) биопсия
21. Ревматизмнің екіншілік алдын - алу шараларының ең басты маңызы :
a) антибиотиктермен үнемі емдеу (Бицилин- 5)
б) салауатты өмір салтын қалыптастыру
в) жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялық ошақтарын емдеу
г) жылына екі рет егу жасау
е) зиянды әдеттерді жою
22. Жылағыштық, жазуының бұзылуы, қозғалу кегіндегі мазасыздық, сөйлеу мәнері баяу- тән:
а) гастритке
б) миокардитке
в) хореяға
г) полиартритке
е) остеомиелитке
|
Достарыңызбен бөлісу: |