Тақырыбы: Жіті және созылмалы бронхиттер 1


RADARMEDIA Выберите самое неприятное лицо и узнайте все о своей психике



бет7/42
Дата16.05.2023
өлшемі384.98 Kb.
#473766
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
ішкі аурулар2

RADARMEDIA
Выберите самое неприятное лицо и узнайте все о своей психике
УЗНАТЬ БОЛЬШЕ
Тақырыбы: Өкпе туберкулезі.
1. Өкпе туберкулезі:
а) өкпенің спецификалық- инфекциялық жұқпалы ауруы
б) бронх түтікшелерінің инфекциялық қабынуы
в) өкпенің аллергиялық ауруы
г) плевра қабының қабынуы
е) бронх түтікшелерінің деформациясы
2. Өкпе туберкулезінің қоздырғышы:
а) пневмококк 
б) стафилококк
в) Кох микобацилласы
г)  - гемолизді стрептококк
е) энтерококк
3. Өкпе туберкулезіндегі жөтелу мінездемесі:
а) тұрақты, әлсіз, баяу жөтелу
б) қатты, үріп жөтелу 
в) таңертең жөтелу 
г) сыңғырлап жөтелу
е) түнгі жөтел
4. Өкпе туберкулезінің төтенше асқынуы:
а) қан кету
б) жүрек жетіспеушілігі 
в) коллапс 
г) токсикалық шок
е) бүйрек жетіспеушілігі
5. Өкпе туберкулезінің арнайы алдын-алу шарасы:
а) жағымсыз қылықтардан аулақ болу
б) флюрографияға түсіру
в) жеке басының гигиенасы сақтау
г) вакцинация жасау
е) диета сақтау
6. Туберкулезде тағайындалатын диеталық стол:
а) №5
б) №4 

в) №11


г) №9 

е) №1
7. Өкпе туберкулезінің алғашқы белгілері:


а) дене қызуының көтерілуі, әлсіздік
б) жөтелу, іріңді қақырық бөлу
в) түнгі тершеңдік, әлсіздік, жөтелмен қақырық тастау
г) кеуде қуысының бөшкеленуі, жөтелу
е) ентігу, бас ауру
8. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың қақырығын микроскопиялық тексергенде анықталады :
а) стрептококк
б) Кох таяқшалары
в) Крушман спиралі
г) а-типтік жасушалар
е) Шарко - Лейден кристалы
9. Өкпе туберкулезінің емдеу принципі:
а) базистік терапия
б) пульс - терапия
в) физиотерапия
г) ДОTS – терапия
е) химиотерапия
10. Өкпе туберкулезінің диагностикасына жатады: 
а) цистоскопия
б) колоноскопия
в) бронхоскопия
г) қақырықты туберкулез таяқшасына тексеру
е) спирометрия
11. Өкпе туберкулезіне бейімдеуші факторлар:
а) жануар майын көп қолдану
б) нәруызға бай тағамды көп қолдану
в) туберкулез ауруымен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болу
г) ас тұзын көп мөлшерде қолдану
е) сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау
12. Туберкулезбен ауыратын әйелдың жаңа туылған нәрестеге туберкулездің жұғу жолы:
а) ауа- тамшы арқылы
б) емшек сүті арқылы
в) плацента арқылы
г) қан арқылы
е) лимфогенді
13. Өкпе туберкулезінде қақырықты неше рет жинау міндетті:
а) әр ай сайын бір
б) 3 рет қатарынан
в) 1 рет айына
г) 3 айда 1 рет
е) 5 айда 1 рет 

14. Өкпенің спецификалық- инфекциялық ауруы:
а) пневмония
б) туберкулез
в) плеврит
г) қатерлі ісік
е) пневмосклероз


15. Науқаста тұрақты әлсіз баяу жөтелу, дене қызуы t 36-37- дейін көтерілген, кеуде қуысының ауырсынуы, аз уақытта жүдеген. Бұл клиникалық көрініс қандай патологиялық процеске тән:
а) пневмонияға 
б) плевритке
в) туберкулезге
г) қатерлі ісікке
е) пневмосклерозға
16.25 жастағы пациенттің шағымдары: жөтел 2 аптадан бері мазалады, кеуде тұсында ауырсыну, әлсіздік, түнде дене температурасының 37,5 С0-дейін жоғарлауы, жүдеу. Объективті тексеруде өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярлық дем, құрғақ сырылдар, тыныс алу жиілігі 24 рет 1 мин. Қандай ауру деп ойлайсыз?
а) Өкпе туберкулезі
б) Бронхоэктаз ауруы
в) Өкпе обыры
г) Жедел бронхит
е) Созылмалы бронхит
17. Л. деген науқас 25 жаста. Емханаға өзін нашар сезген соң келген. Ол тез шаршайтынын, 4 аптаға созылған күшті жөтел және қан аралас түкірік, кеуде тұсындағы ауырсыну мазалап жүргенін айтты. Диагнозды анықтау үшін қолданылатын лабораториялық зертеу әдісі:
а) қанды биохимиялық тексеру
б) жұтқыншақтан жағынды алу
в) қақырықты бактериоскопиялық тексеру
г) қанды жалпы тексеру
е) зәрді жалпы тексеру








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет