ARTRODUAL Если у вас болят суставы, колени и бедра, прочтите это УЗНАТЬ БОЛЬШЕ Тақырыбы: Жүйелі қызыл жегі. 1. Жасушалардың ядролық құрылымдарына антиденелерінің түзілуінен, тіндердің иммунды комплекстік қабынуына әкелетін тамырлардың аутоиммундық жүйелі қабынуы:
а) жүйелі қызыл жегі
б) геморрагиялық васкулиттер
в) подагра
г) ревматоидты артрит
е) жүйелі склеродермия
2. Жүйелі қызыл жегінің этиологиясының бірі:
а) организмге суық тию
б) ас тұзын көп қолдану
в) адинамия
г) микроорганизмдер е) авитаминоз
3. Жүйелі қызыл жегіде зақымдалмайтын жүйе:
а) тері
б) буын
в) бүйрек
г) сүйек е) қан түзу
4. Жүйелі қызыл жегінің тері түріндегі симптомы:
а) «дабыл таяқшасы»
б) «сағат әйнегі»
в) «көбелек»
г) «күздік тал»
е) «тамыр жұлдызшасы»
5. Люпус- эндокардит дамиды:
а) атеросклерозда
б) миокард инфарктында
в) жүйелі қызыл жегіде г) созылмалы жүрек жетіспеушілігінде
е) артериалды гипертензияда
6. Жүйелі қызыл жегінде бүйрек түрінде зәрдегі өзгеріс:
а) протеинурия б) бактериурия
в) дизурия
г) полиурия
е) гиперлипидемия
7. Зәрдің құрамынан белоктың, эритроциттің анықталуы жүйелі қызыл жегінің қандай түріне тән:
а) өкпелік
б) терілік
в) бүйректік г) жүректік
е) буындық
8. Жүйелі қызыл жегіде бүйрек, зәр түзу жүйесінің зақымдалуында дамиды:
а) нефроптоз
б) пиелонефрит
в) гломерулонефрит
г) люпус- нефрит е) бүйрек тас ауруы
9. Жүйелі қызыл жегінің асқынуы:
а) инсульт
б) аритмиялық өзгеріс
в) бүйрек жетіспеушілігі г) дисфагия
е) шок
10. Жүйелі қызыл жегіде қолданылатын базистік ем:
а) антибиотиктер
б) кортикостероидты гормон в) спазмолитиктер
г) витаминдер
е) стероидқа жатпайтын қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер тобы
11. Науқастағы эпилепсиялық ұстамалар жүйелі қызыл жегінің қандай түрінде болады:
а) жүрек, қанайналым жүйесінің зақымдалуында
б) буындардың зақымдалуында
в) бүйрек, зәр түзу жүйесінің зақымдалуында
г) орталық нерв жүйесінің зақымдалуында е) терінің зақымдалуы
12. Жүйелі қызыл жегінің дамуына ықпал ететін қауіпті дәрілер тобы:
а) гликозидтер
б) кортикостероидты гормон
в) спазмолитиктер
г) витаминдер
е) цитостатиктер 13. Жүйелі қызыл жегіде биохимиялық қан талдауында анықталынады:
а) VIII-IX-XI- факторлардың тапшылығы
б) LE- жасушалары в) Эбштейн- Барр вирусы
г) гипербилирубинемия
е) Ревматоидтық факторлар
14. Науқастың биохимиялық қан талдауында диспротеинемия, ревматоидты фактор және LE – жасушаларының анықталынды. Бұл лабораториялық көрініс қандай аурудың диагностикалық критериясы болып табылады:
а) Дерматомиозиттің
б) Қызыл жүйелі жегінің в) Склеродермияның
г) Геморрагиялық васкулитке
е) Ревматоидты артриттің
15. Мандай, иек, мұрын қырының терісіндегі «көбелек» тәрізді эритемалық бөртпелер пайда болған. Науқасты жөтел, ентігу мазалайды. Аускультацияда өкпе тұсынан плевраның үйкелісі естіледі. Бұл көрініс қандау аурудың белгісі болып табылады.
а) Дерматомиозиттің
б) Қызыл жүйелі жегінің в) Склеродермияның
г) Геморрагиялық васкулитке
е) Ревматоидты артриттің