Тақырыбы: Жүргіншілер өтпелері


Тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы Бастауыш сынып мұғалімі: М.Саяхова Сабақтың тақырыбы



бет18/27
Дата15.02.2024
өлшемі1.93 Mb.
#491767
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Тақырыбы:
Көше күтпеген жағдайларға толы



Бастауыш сынып мұғалімі: М.Саяхова
Сабақтың тақырыбы: Көше күтпеген жағдайларға толы.


Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларға көше жайлы, көшеде қалай жүру керектігі туралы түсінік беру.
2.Өмірге деген көз –қарасын дамыту.
3.Көшеде дұрыс жүруге ,мұқият болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Жол белгілер суреттері .


Әдіс-тәсілдері : түсіндіру, сұрақ- жауап.


Сабақтың барысы


Ұйымдастыру.
а ) Психологиялық дайындық.

Балалар шеңбер құрып отырады.


Күн шуағы сендердің көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды . Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа , мұрныңа бетіңнің ұшына , иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағының жолдарын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңнан, ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан, арқаңды сипап өтіп, желке тұсыңа барды.
Күн шуағы сені жылытып, аймалайды .Сен оған күліп,қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.


Жаңа сабақ.
Оқушыларға сабақтың тақырыбын айту.


Көше күтпеген жағдайларға толы.
Оқушыларға тақтадағы ілулі тұрған суреттер туралы сұрау.
Мынау өздерің тұратын қала, кент немесе ауыл. Олардың барлығында 3 да үлкенді –кішілі көшелер бар.
Көше деген не? Қала ,кент немесе ауыл ішіндегі автокөліктердің ,басқа да көлік түрлерінң , адамдардың жүруіне арналған жолдарды көше деп атайды.
Көшеде жүру үшін , көше тәртібін сақтау керектігін оқушыларға айтып түсіндіру.
Көшеде жүру тәртібін сақтамау не себепті қауіпті?
Кейде ерсілі –қарсылы жүріп жатқан авто көліктердің, мотоциклдердің қақтығысуы не себепті болады?
Егер автокөлік жүргізушілері жолда жүру ережелерін бұзбаса , оның талаптарын орындаса , мұндай жағдайлар болар ма еді?
Көшеде көліктер жүретін жер жол үсті деп аталады. Көшедегі жолдың екі жақ қапталына жаяу жүргіншілер үшін жаға жолдар салынады. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өтетін жерлеріне жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін арнайы қоршаулар орнатылады.
Жаяу жүогіншілер көшенің екі қапталындағы жаға жолмен жүруі тиіс.
Жаға жолмен қалай жүреді ?Жолға шыққан соң міндетті түрде оның оң қапталымен , қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілер –сол жақ қапталымен бір-біріне кедергі келтірмей жүруі тиіс. Ал жолдың қарсы бетіне тек қана арнайы « Жаяулар өтетін жер» арқылы өтуге болады.
Ал балалар мектепке барарда өздерің ең қауіпсіз жолдарды таңдауларың керек. Ол үшін көшелерді жақсы білулерің керек, сонда өздеріңе ыңғайлы бағытты таңдау жеңіл болады.
Қашанда көшеден өткенде жан-жағыңа қарап ,өтуің керек.
Сұраққа жауап алу.
Өздерің тұратын қаланың, кенттің немесе ауылдың көшелерін білесіңдер?
Көшелер не үшін қажет?
Жаға жолда қалай жүру керек?
Өздерің мектепке барғанда қандай жолмен жүресіңдер?
«Жаяулар өтетін жер» бар ма?
Сарамандық жұмыс
Оқушыларға нұсқа белгілерін көрсете отырып, жұмыс жасау.
Жолдан қалай өтетінін көрсету.
Ойын « Кім жылдам?»
Сабақты қорыту.





Ордабасы ауданы
«Темірлан» жалпы білім беретін
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет