Тақырыбы: жшс «Құрылыс Консалтинг» қаржылық-экономикалық жағдайын талдау



бет2/25
Дата03.01.2022
өлшемі126 Kb.
#450864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ЖШС «Құрылыс Консалтинг» қаржылық-экономикалық жағдайын талдау

1.БИЗНЕС БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰН ТҮРЛЕРІ

Кез келген меншік объектісінің құнының бағасы потенциалды және нақты табыс есебімен объект құнының ақшалай түріндегі реттелген, мақсатқа бағытталған анықтау процессі.

Бағалау процессі бағаланатын объекті мен бағаланушы субъектінің болуын болжайды.

Бағалаудың субъектісі болып арнайы білімі, тәжірибесі бар кәсіпкер бағалаушыны айтады. Бағалау объектісі болып кез келген меншік объектісін айтуға болады. Бұған бизнесті, компанияны. кәсіпорынды, фирманы, банкті,материалды және материалды емес активтердің жеке түрлерін жатқызуға болады.

Құнды бағалау процессінің ерекшелігі болып оның нарықтық сипаттамасы көрінеді.

Бұл бағаланатын объектіні игеруге немесе құруға кеткен шығындардың біреуімен ғана шектелмейтін көрсетеді. Ол міндетті түрде нарықтық факторлардың жиынтығын ескередкуақыт факторы, тәукелділік факторы, нарықтың конъюктура, бәсекелестіктін деңгейі мен моделі, бағаланатын объектінің экономикалық ерекшеліктері, сонымен қатар ғаламның макро- және микроэкономикалық ортасы.

Негізгі факторлар болып, уақыт және тәуекелділік табылады. Нарықтық экономика динамика мен ерекшеленеді. Уақыт факторы барлық нарықтық процесстерге, бағаға, құнға, шешім қабылдауға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Бағалаушының қолданатын әдістері мен тәсілдері бағалау процессінің ерекшелігі сияқты бағаланатын объектінің экономикалық ерекшелігі, сонымен қатар бағалаудың мақсаты мен қағидаларына байланысты анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет