Тақырыбы: «Кикілжің психологиясы» Кикілжің туралы түсінік. Кикілжің функциясы



бет2/13
Дата10.06.2022
өлшемі244.61 Kb.
#459082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
КИКІЛЖІҢ

3. Кикілжің ситуациясы.
Адамдар түрліше өмірлік ситуация жағдайларында болады. Кикілжің ситуациясы деп, әлеумттік субьектілер арасында шынайы өзара күрес, тартысқа объективті түрде негіз, жағдай жасайтын жағдайлардың тоғысуын айтады. Мысал келтірелік. Ғылыми мекемеде шататтың қысқартылуы қажет болды. Көптеген қызметкерлер, әсіресе зейнет жасныдағылар «қысқаруға» түсуі мүмкін. Әлі сол немесе өзге тұлғаның қысқаруы шешілмеген тұста, кикілжіңнің пайда болуы туралы айту ертерек. Дегенмен, кикілжің ситуациясы көзге көрініп тұр, себебі мүмкін болатын түрлі пікірлер пәні бар, ұжымда анық түрдегі күйзеліс туды.
Кез-келген қоғамда жекелік немесе топтық кикілжіңдер тек қана срытқы (экономикалық, әлеуметтік, мәдени т.б.) себептерден емес, әрі жеке адамдар мен топтардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.
Кикілжің ситуацияларын талдауда психологтар үшін ең бастысы жоғары кикілжің жағдайын тудырған жеке адамдар мен топтардың типтік психологиялық ерекшеліктерін ашу болып табылады.
4. Саяси жүйедегі кикілжіңдер - күнделікті құбылыс. Олардың ерекшелігі: олар ірі көлемдегі қоғамдық оқиғаларға ұласуы мүмкін. Мыс: көтеріліс, бұқаралық тәртіпсіздік, ақырында азаматтық соғыс.
Бұдан өзге кикілжіңдер түрі келесі себептерге орай бөлініп, ерекшеленуі мүмкін: қатысатын мүшелеріне орай, басқару дәрежесіне орай.
Ұзақтығына орай кикілжіңдер (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді), ресурсқа орай (материалды, рухани, әлеуметтік), кеңістік пен уақытта шектелу дәрежесіне орай, субъектілеріне орай т.б. болып бөлінеді.
Кез-келген кикілжің сол немесе өзге сыртқы, ішкі жағдайларға байланысты болады.
1.2.Кикілжің ситуацияларының пайда болу себептері.
Кикілжіңнің пайда болуының қажетті және жеткілікті себептері - әлеуметтік өзара әрекет ететін субъектілерде қарама –қайшы бағытталған сарын және себептердің нақтылығы, және олардың арасындағы қарама –қайшы күрес ахуалы.
Адамдардың көзқарастарының айырмашылылығы,бір-біріне қабылдаудың сәйкес келмеуі және сол немесе басқа да оқиғаны бағалауы жиі келіспеушілік ситуацияға алып келеді.Егерде пайда болған ситуацияда қатысушыға өзара бір кедергі тудыратын болса,кикілжіңдік ситуация пайда болады.Келіспеушілік ситуация-белгілі бір себептерге байланысты ұстанымдардың қақтығысы,қарама-қайшы мақсатқа ұмтылыс және соған жету жолдарында қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдер. Келіспеушілік ұғымы сана секілді ғылымда өзіндік мәнге ие.Кез-келген адам іштей кикілжің жайлы өз түсінігі бар,бірақ та біздің ұғымымыз кикілжің туралы барлық мәселелерді түсіндіріп бермейді.
Психологиялық тұрғыда келіспеушілік ұғымы өте кең мағынада қолданылады және олар бір-біріне сәйкес келмейтін құбылыстардың әсерін сипаттауға пайдаланылады. Кез-келген кикілжің келіспеушілік ситуациядан пайда болады,бірақта кез-келген келіспеушілік ситуация кикілжіңге алып келмейді. Кикілжіңдік ситуацияның туу себептері.Олар:
1.Ақпараттық. Әрбір кикілжіңнің негізінде ақпарат жатыр. Ол қақтығысқа түскендердің бір жағына тиімді,екінші жағына тиімсіз болуы мүмкін,шынайы немесе жалған, дәл емес фактілер болуы мүмкін,қарым-қатынас кезінде жалған хабар келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет