Әділқазылар алқасының шешімі
2-жүргізуші: 1 - жүргізуші:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!
- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесінің Есімі ел есінде мәңгілік сақталсын!
1-жүргізуші: «Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз Абай мұрасына ерекше баға берген еді. Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін, әндерін, күйлерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс. Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай атамызға арналған «Көңілім әнді ұғады» атты мектепішілік Абай әндерін орындаушылар байқауымыз аяқталды. Көңіл қойып, тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет! Сау саламатта болайық, Рахмет баршанызға!
.
Достарыңызбен бөлісу: |