3. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы. ХХ ғасырдың басында Түркістандағы жергілікті халықтардың арасынан түрлі саяси, ағартушылық ұйымдары құрылып, олардың мақсаты өлкедегі қоғамдық-саяси даму барысында өз қызметінің ауқымын кеңейтіп, отаршылдыққа қарсы күрес дәлелдерін бағдар етіп қуатты қозғалыстарға ұластыру болды. Бұған көрші елдерде болып жатқан саяси қозғалыстардың, ықпалы әсер етті. Мысалы, Түркиядағы жастүріктер қозғалысы мен Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы арасында үлкен тарихи сабақтастық және саяси байланыс көп. «Ұлттық қозғалыс тарихында өзінің мақсаты және нақты әрекетінің мазмұны бойынша Түркістан жәдитшілігінен жастүріктер қозғалысындай бір-бірімен соншалықты байланысқан және ұқсас құбылыс жоқ. Олардың ортақ мүдделерінің негізі, ең алдымен, түрікшілдік болатын. Бұл идея жастүріктер қозғалысы, сол сияқты өздерін «Миллии тараққийпарварлар» деп атаған түркістандық прогресшілердің көзқарастарына алтын арқау болды. Қозғалыстардың пайда болу себептері де ұқсас болатын». Барлық ұлттарды біріктіріп бір ұлт жасау жөніндегі османшылдық идеясы, барлық ұлттарды түрік ұлтының төңірегіне топтастыру жөніндегі түркілік идеясы және түрік ұлтының мүддесін басқа ұлттардан жоғары қойған «түрікшілдік» идеясы Түркиядағы саяси күрестің күн тәртібінен түскен жоқ. Осындай күрделі ұлттық мәселе жәдитшілердің бағдарламаларында Түркістандағы барлық этностарды біріктіру арқылы шешу түрінде көрініс тапты. Бұл идея тым тұрпайылау көрінгенімен, олардың ұлттық санасы этникалық ұғымдармен тығыз байланысты еді. Олар этникалық ұғымдарды «Миллат», «Мұсылмандар», «Түркістандықтар», «Тұрандықтар» деген терминдермен айшықтады.
Бірінші орыс революциясынан кейін қазақ ұлттық қозғалысы барынша саяси түс ала бастайды. Оның дамуында анық екі бағыт анықталады. Біріншісі Бұхара мен Түркістанға бағыт ұстаған дәстүрлі және исламшылдық бағыт. Екіншісі модернистік, либералдық және түрікшілдік бағыт. Орыс мектептерінде сабақ алған қазақ зиялыларының көпшілігі, болашақ «Алаш» ұлттық партиясымен қоса, осы бағытты ұстанды. Бұл бағыттардың әрқайсысының ұстанымдарына қарай сипаттық, мазмұндық ерекшеліктері, Түркістан жәдитшілдерінде саяси бағдарлама белгілері Түрік революциясына байланысты пайда болды. Бұл туралы М. Шоқай: «Түрік революциясы, бүкіл Мұсылман Шығысы сияқты, Түркістанға өте зор әсер етті. 1905 жылғы Орыс революциясы біздерді, жергілікті түркістандықтарды болар-болмас қана жанап өтті. Саяси және мәдени тұрғыдан Ресейден де, жергілікті орыстардан да жаулап алынған халық ретінде бөлек өмір сүріп жатқан біздердің бұл оқиғаға еш қатысымыз болған емес»,-дейді.
Бастапқы кезде, яғни ХІХ ғасырдың екінші жартысында Исмаил Гаспыралы тарапынан басталған жәдид қозғалысы бүкіл Түркістан жеріне ықпал етеді. Ал ХХ ғасырдың басында Мунаввар Қари Абдурашидханов ашқан жаңа әдісті мектебі Түркістан өңірінде көбеюіне мұрындық болды. Жаңа әдісті мектептер мен медреселердің ашылуы Түркістан өңірінде сауаттылықты арттырып, бірнеше баспа органдарының ашылуына септігін тигізді. Дегенмен бастапқы кезде патшалық отарлық үкімет тарапынан мектептерде татар мұғалімдерінің дәріс беруіне шек қойылады, сонымен бірге татар басылымдарының Түркістан өңірі көлемінде таратылуына да тыйым салынды. Бұл шаралардың барлығы татарлардың ұлт-азаттық жолындағы пікірлері жергілікті халықтың арасында тереңдеуіне қарсы ұйымдастырылған еді, өйткені ол кезде түркі бірлігі мен ислам бірлігі идеялары қазақ далаларында да кең тарай бастаған болатын.
Өзінің басқару жүйесін Орта Азияға жаябастаған Ресей империясы татар, башқұрт елдерін бағындыруға қолданған - әдіс айлаларын енді жаңа елдерді бағындуруға да қолдана бастады. Негізгі тіршілік көзі - жерден ата салт - дәстүрлерін, мәдениеттен айырылуы қаупі енді осы елдерге де төнді. Міне, осындай жағдайда Ресей отаршылдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан дүлей күшке қарсы тұру алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдық және рухани күш қажет еді. Ондай күш бәрі бірдей Ресей империализмінің тәуелділігіндегі түркі халықтарын тұтас бір майданға біріктіру арқылы қалыптастыру мүмкін болатын. Тарихтың өзі алға тартып отырған осы талапты тұтас Түркістан («Ұлы Түркістан») идеясын қайта жаңғырту арқылы Мұстафа Шоқай қанағаттандыруға тырысты, оған жауап ретінде «Түркістан автономиясы дүниеге келді. Ол өзінің осы мақсаттағы ойын білдірді: «Түркістан - бөлінбес айырылмас бір өлке. Халқының басшысы бір, тілі бір, діні бір, мақсаты бір үкімет құру болатын.
М. Шоқай ХХ ғасырдың басындағы ұлт - азаттық және әлеуметтік қайта жаңғыру үшін бастаған қозғалыстың күш бастаушыларының бірі болды. Ол басқа түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, уақытша үкімет тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады.
1917 жылы наурыз айында Ташкент қаласында Түркістан аймағы мұсылмандарының «Шуро-и-Ислам» (Ислам кеңесі) ұйымы құрылып, өлкедегі саяси жағдайдың шиеленісуіне алаңдаған уақытша үкіметі 7-сәуір күні «Түркістан комитетін» құрды. Түрккомитеті елде әлеуметтік жағайды шешуде дәрменсіздік білдірді. Түрккомитетке балама өлкелік билік оранын құру мұсылмандар арасында артты. 7-15 ші сәуір күндері Ташкентте жұмысшы депутаттары және мұсылман депутаттары кеңесінің бірлескен Түркістан өлкелік бірінші съезі өтті. Съезд Түркістан өлкелік Орталық Мұсылман Кеңесін құрып, оның төрағасы етіп Мұстафа Шоқайды сайлады. Ал 16-21-ші сәуір күндері аралығында Ташкент қаласында жалпы Түркістан мұсылмандарының алғашқы съезі өткізіліп, оған түркістандық қазақ, өзбек,татар, түркімен халықтарының 150-ден аса өкілдер қатысты. Съезд Уақытша үкіметке сенім білдіріп, Түркістанды мәдени – саяси өзін-өзі басқару қажеттігі жөнінде шешім қабылдады. Съезд кейін автономия мәселесі жөнінде «Шуро-и-Ислам» ұйымында ымырашылдық болмай, «Шуро-и-Улем» (Ғұламалар қоғамы ) бөлініп шықты. Төрағасы Сералы Лапин болды. М. Шоқай бұл ұйымның бағыты туралы: «Улемажамияти» мәселеге басқа келіп «Діни сот» деген атпен мәжіліс құрып, Ресей парламенті тарпынан Түркістанға қарасты шығарылатын заңдардың жоғарыда аталған заң мекемесі тарапынан бекітілуін талап еткен болатын» деп көрсетті. Бұл ұйымның талабы мұсылмандар үшін бір дәрежеде объективті болғанымен, ол кезде ондай талаптың жүзеге асу мүмкін емес еді. Сөйтіп Түркістандағы оқиғалар ағымына түбегейлі өзгеріс енгізген 1917 жылы 20-қарашада Ташкентте өз жұмысын аяқтаған ІІІ Түркістан өлкелік кеңестер съезі болды. Съезд ұлттық автономия мәселесін қабылдамады. Ол жерде негізгі қаралған мәселе саяси билік орнағанына байланысты. Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің құрылғанын өлкедегі биліктің соның қолына өтетіндігін мәлімдеді. 14 адамнан тұрған бұл үкіметтің құрамында мұсылман елдерінен бірде бір өкіл жоқ еді. Бұл іс жүзінде жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындамаудың және орнаған билік басшыларының ұлы державалық шовинистік көзқарас тұтқынында екендігінң көрінісі болатын. 1917 жылы екі бірдей әлеуметтік төңкеріс пен оның нәтижесінде туындаған азамат соғысы елдің экономикасын толық күйретіп, саяси апат алып келді. Олар орыс шаруаларына қызыл отрядтар ұйымдастырып, оларды мұсылмандарға қарсы қойды. Бұл жағдай М. Шоқай төрағалық еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандары Кеңесіне» нақты жауап әрекеттерге көшуге итермеледі. 1917 жылы 26 қарашада Қоқанда ІV өлкелік Төтенше мұсылмандар съезі өз жұмысын бастады. Съезге 200 ден астам делегат қатынасты. 6 желтоқсан Ташкент халқы митингіге шығып Түркістан автономисын қолдайтындықтарын: білдірді.
1918 жылдың 11 ақпанында большевиктер күшпен Түркістан автономиясын таратып жіберді. Бұл кеңестік тарихнамада көрсетілгендей, Қоқан хандығын қалпына келтіруге тырысқан ергілікті ұлттық буржуазияның қуыршшақ үкіметі немесе жай бір қалалық құбылыс емес, Түркістан халқының өзін-өзі билей алу құқығын мойындамай ескі империялық түсінік шеңберде қалып қойған Ташкенттегі Кеңестік билікке балама билік есебінде өмірге келген жалпы түркістандық құбылыс болатын. Түркістан автономиясы жөнінде М. Шоқай «Ол кезде автономияны былайша түсінуші едік. Түркістанның өзіне тиесілі басқарушы және атқарушы мекемелері, яғни заң шығаратын парламент пен істі жүргізетін үкіметі болады. Сыртқы саясат, қаржы, жол әскери мәселелер Бүкілроссиялық Федерациялық Үкіметтің қарауында Оқу –ағарту, ішкі жолдар, басқару, сот және жер мәселелерінің бәрі жергілікті автономиялық үкіметтің шаруасы болуға тиіс.» Әрине, автономия өзін мемлекеттік форма ретінде танытып үлгерген жоқ, оған кеңестер билігі мүмкіндік бермеді.
Ол, Қазақ автономиясы жеке емес, Түркістанмен бір болуы керек деп санады. М. Шоқайдың осы пікірі жөнінде М. Дулатов: «Съездің соңына қарай Қоқаннан Шоқайұлы Мұстафа келді. Шоқайұлы Қазақ автономисының өз алдына жеке жақтады», - деп көрсетті. Бірақ, М. Шоқай айға жетер жетпес мезгілде Алаш орда үкіметінің өмірге келерін білген жоқ, оны ойлауға уақыт келерін білген жоқ, оны ойлауға уақыт ағымы да мұрсат бермеді. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 18-желтоқсандағы санында «Сырдария облысының қазағына «деген үндеуінде М. Шоқай осы жай жөнінде : «Замананың түрі жаман болып бара жатқан соң Алаш ұранды қазақ-қырғыз өзалдына автономия иғлан етуі қашан болатынына көз жетпей біздің Сырдария қазағы Түркістан автономиясына қосылды деп иғлан етіліп еді. Сырдария халқына өз тарапынан айтарым, тегін Алаш баласының басы қосылатын кезі осы, бүгін ...Сырдария қазағы кешіктірмей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз», - деп үндеу тастады.
Түркістан мұсылмандарының ІV Төтенше Құрылтайы 1917 жылы 26 қараша күгң Қоқан қаласындағы Хан сарайында Шоқайдың сөз сөйлеуімен ашылды. Сонымен большевиктердің құрылтайды болдырмау үшін жасаған бүкіл шаралары нәтижесіз қалған еді. Ақырында болтшевиктер де құрылтайды мойындап, комиссар Полтарацкийді өкіл ретінде жіберуге мәжбүр болды.Құрылтайда Ташкенттегі Кеңес Халық Комитетін атынан да сөз сөйлеген Полтарайкий Түркістан автономиясын қолдайтындықтарын атап өтті. Бірақ оның сөздері құрылтайға қатысмушылардың көңіліне сенім ұялатпады. Шоқай Полтарацкийдің сөздерінің адалдығына күмән келтіргенімен, оның қатысып, құрылтай жұмыстарын құттықтап сөз сөйлеуінің саяси тұрғыдан маңызды екеніне назар аударады. Бұл жағдай Түркістанда Кеңес өкіметінің ұлттық негізінің жоқтығының айқын белгісі еді.
Құрылтайға қатысқан делегаттар арасында қала думасы мен татар халқының өкілдері және Түркістан еврейлерінің ұйымы «Палеолей Сиондан» келген өкілдер сияқты жергілікті мұсылмандардан басқалар да бар еді. «Улұғ Түркістан» газеті 1917 жылдың 8 желтоқсан күнгі санында Құрылтайға байланысты оны Мұсылман Құрылтайы деп емес, Түркістан Халықтары Құрылтайы деп атаудың дұрысырақ болатындығын атап көрсетеді.
Үш күнге жалғасқан құрылтай кезінде қатысушылар Түркістан аймағының келешектегі саяси құрылысының қандай болуы керектігі жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Мұның нәтижесінде 27 қараша күні, түннің кеш уақытында Түркістан автономиясын жариялауға бір ауыздан қаулы қабылданды. Бұл қаулыда: «Жасасын Түркістан автономиясы! Түркістан Мұсылмандары ІV Төтенше Құрылтайы Түркістан аймағында өмір сүріп жатқан халықтардың талап-тілегіне сәйкес, Ресей төңкерісі тарапынан белгіленген ережелерге сүйене отырып, федерация негізінде құрылған Ресей Республикасының құрамында бола отырып, Түркістанның жерге негізделген территориялық автономиясын жариялайды» делінді.
Сөйтіп, 28 қараша күні құрылған мемлекет «Түркістан автономиясы» деп аталды.
Құрылтай жұмысы аяқталғаннан кейін Түркістан Уақытша Кеңесі үкімет құру үшін бас қосты. Шоқай мен Убейдуллах Хожа үкімет құрудың орнына орталық комитет құруды ұсынды. Бұған себеп ретінде өкімет деп аталатын ұйымның шындығында қолда бар мүмкіншіліктері үкіметтік биліктерді толық атқаруға жеткілікті емес екендігін алға тартты. Бұл ұсынысқа көпшілік келіспеді. Осыған орай Шоқай мен Убейдуллах Хожа құрылатын әлсіз өкіметте қызмет атқара алмайтындықтарын, бірақ автономияға өкіметтен тыс қала отырып қолдау көрсететіндіктерін айтты. Бірақ Уақытша Халық Кеңесі олардың бұл ұсыныстарын да қабыл алмады және өкіметтегі ең жауапты орындарға сайлады. Түркістан Уақытша Кеңесінің өз мүшелері арасынан сайлаған және 12 мүшеден тұруы жоспарланған өкімет мүшелері мына қайраткерлерден құралды:
Мұхаметжан Тынышбаев – Бас министр және Ішкі істер министрі.
Ислам Шахахметов – Бас министр орынбасары.
Мұстафа Шоқай – Сыртқы істер министрі.
Убейдуллах Хожаев – Қорғаныс министрі.
Юрали Агаев – Жер асты және жер үсті қазба байлықтар министрі.
Абиджан Махмут – Азық-түлік министрі.
Абдырахман Оразаев – Ішкі істер министрінің орынбасары.
Соломон Абрамович Херзфельд – Қаржы министрі.
26-28 қараша күндері үш күнге созылған Түркістан мұсылмандарының ІV Төтенше Құрылтайының ең маңызды шешімі – еш күмәнсіз Түркістан автономиясын жариялау болып табылады. Бұл шешімді Түркістан халқы үлкен толқу үстінде, қуанышпен қарсы алды. Түркістандағы көптеген қалаларда Қоқан, Наманган, тіпті большевиктер билігіндегі Ташкентте де халық автономияны мерекеледі. 1 желтоқсан күні Наманганда 10 мың адам автономияға қолдау шеруін өткізді. Шеруде «Жасасын Түркістан автономиясы мен үкіметі!» деген плакаттар алып жүрді. Осындай шерулер мен митингтер бір апта ішінде Түркістанның басқа қалаларында да жалғасты. Бұл турасында ең үлкен жиын 6 желтоқсан күні Ташкентте өткізілді. Жұма мешітінің іші мен сыртына 60 мыңдай адам жиналды. Жиналысты Саид Ғани Махдум, Мүневвер Кари және Серәлі Лапин басқарды. Жиналыста халық Түркістан Уақытша үкіметінен басқа ешқандай да өкіметті танымайтындықтары туралы шешім қабылдады.
Түркістан Уақытша үкіметі ұлттық армия жасақтау мәселесінде көптеген қиындықтарға кездесті. Патшалық дәуірде түркістандықтар арасынан жоғары дәрежелі әскери офицерлер шықпаған еді. Үкіметтің қол астында әскери істерді жақсы білетін тәрбиелі адам болмады. Сондықтан үкімет Қоқанда өздерін қолдайтын жас және тәжірибесіз офицерлермен іске кірісуге мәжбүр болды.
Түркістан Уақытша үкіметі желтоқсан айы ішінде жаңа мемлекеттік құрылымын қалыптастыру барысында әртүрлі салада маңызды жұмыс атқарды. Түркістан автономиясына байланысты алғашқы қанды оқиға 13 желтоқсан күні Ташкентте пайда болды.
1917 жылыдң 27 желтоқсан күні конгресс атынан Ленинге автономияны қолдауға шақырған жеделхат жолданды. Жеделхатта Түркістанда Халық Комиссарлары Кеңесі жариялаған принциптер бойынша автономия жариялағандығы және сол себепті автономияның Түркістан қалаларында қолдау көргендігі айтылғаннан кейін Түркістан Мұсылман жұмысшы, әскер және шаруа өкілдерінң І төтенше конгресінде қабылданған шешімдеріне байланысты Ленинге Ресей демократиялық республикасының төрағасы ретінде Түркістан Уақытша үкіметіне қолдау көрсетуін сұрайтындықтары атап өтілді. Сонымен қатар жеделхатта Лениннен Түркістандағы тәртіпсіздік пен қос өкіметтілікті жою үшін Ташкент Кеңес үкіметінң билігін тоқтатып, Түркістан Уақытша үкіметін ғана тану да сұралды.
1918 жылы қаңтар айының басындп Түркістан Уақытша үкіметінң қаржы көзін табу үшін мемлекеттік банктерді тәркілеу шешімі дағдарысқа себеп болды. Бұл дағдарыс өкімет басшысы Тынышбаевтың қызыметінен алынуымен аяқталды. Шоқайдң пікірінше Тынышбаев басшылығындағы өкімет қаржы мәселесінде өте баяу және мүдіріп әрекет жасауда еді. Осы себепті Министрлер Кеңесі 1918 жылдың 2 қаңтар күні Тынышбаевты қызыметінен алып, оның орнына мұсылмандардың мүдделерін табанды түрде қорғайды деп үміт артқан Шоқайды тағайындады.
Шоқай бас министрлік қызметіне тағайындалғаннан кейін Түркістан Уақытша үкіметі белсенді жұмыс жүргізе бастады.
29 қаңтар күні Түркістан автономиясын жақтаушы, бірақ кім екендіктері беймәлім бір топ әскер Қоқан қорғанын қоршауға алды. Қорғанның алдында күзетте тұрған әскер қарусызандырылып, тұтқындалды. 30 қаңтар күні Қоқан төңкерістік комитеті Түркістан Уақытша үкіметіне ультиматум жолдап, үш сағат ішінде тұтқындалған әскердің босатылуын және қорғанға шабуыл жасағандардың өздеріне тапсырылуын талап етті. Сондай - ақ төркерістік комитет төрағасы М. Шоқайды тұтқындау үшін төңкерістік комитет мүшесін әскермен Түркістан Уақытша үкіметі орналасқаан сарайға жіберді. Қаланы большивик күштері тонап, талан – таражға салды. Большивиктерге мойынсұнбаған кейбір топ тауға бой тасалап, кеңес билігіне қарсы белгілі бір уақытқа дейін күрестерін алғастырды. Бұл бас көтеру тарихта «басмашы қозғалысы» деген атпен қалды. Сөйтіп, Қоқан автомониясы большивиктер тарапынан құлатылды. Қоқан автономиясының Түркістан Уақытша үкіметі екі айдай ғана өмір сүре алды.
Шоқай Түркістандағы Ұлттық саяси қозғалыстарды бағалағанда төңкеріс әкелген мүмкіншіліктерді жеткілікті дәрежеде пайдалана алмағандықтарын мойындайды. Мұның себептерін былай деп түсіндіреді: «ұзақ уақыт қараңғыда қалған адамның бірден жарыққа шыққан кезінде көзі шағылысып аша ламай қалатындығы секілді, ұзақ уақыт патшалық ресейдің отарлық саясатының қараңғылығында жер бауырлап еңбектеген Түркістандықтар да төңкеріс әкелген азаттық жарығына шығысымен көздері шағылысып, алдын көре алмай қалған еді. Шағылысқан көздердіғң адасуларын Түркістандықтардың өз қараңғылықтары да одан әрі арттыра түскен еді».
Достарыңызбен бөлісу: |