Тақырыбы: «Ұлттық өнер –тәрбие негізі» Мақсаты



бет2/5
Дата27.07.2023
өлшемі21.76 Kb.
#475831
1   2   3   4   5
"Ұлттық өнер -тәрбие негізі" класс сағат 11-класс

«Ою- өрнек түрлері» туралы қысқаша шолу.
«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою -өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тірізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.
«ГҮЛ» ою-өрнегін кестерлерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композициясының ортасына және жиегіне қолданылады.
«ҚҰСТҰМСҰҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнікер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып көршілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзіккке қарап ата-анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екендігін біледі.
«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш-осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.
ЖЫЛАН», «ЖЫЛАНБАС» ою-өрнегі балалардың тақиясына «көз тимесін» деп тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнек жыланның бейнесін тұспалдап тұрады.
«Мақал құрастыру» ойыны

  • Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шебердің бізі)

  • Қолы – сөзі (Өнершінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын)

  • Қолы – тоны (Қай біреудің қолымен тіккен тоны өнер)

ІІІ. «Зергерлік өнер – зерделі өнер» бөлімі
«Шыдамы жеткен шебер болар» (Халық мақалы)
«Үй іші қарсақ, түлкі, құндыз, жанат
Зер тоқып, күміс шауып, ойған жанат» (І. Жансүгіров)
«Зергер адам – зерделі адам» дегендей бұл өнер кез-келген адамға дари бермейді. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән-салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет