Тақырыбы: «Ұлттық өнер –тәрбие негізі» Мақсаты



бет4/5
Дата27.07.2023
өлшемі21.76 Kb.
#475831
1   2   3   4   5
"Ұлттық өнер -тәрбие негізі" класс сағат 11-класс

Мақал-мәтелдер айту.

  • Зергерсіз болса – зер мұңлық

  • Ер қадірін ерлер біледі,

Зер қадірін зергер біледі.

  • Өнершінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын.

Ата көрген оқ жонар.

  • Қолөнер – сырлы өнер.

Ұрпақтар сабақтастығы, ғасыр үнін зерделеген зергер, қолөнер шебері бүгінгі сабағымыздың қонағы Құдайберген Күлмамбетов ағайдың қолөнер туындаларымен таныстару.
Өнер майталманы Қ.Күлмамбетов – Арал сыр өнерінің мақтанышы. Ол – Қолөнершілер Одақтарының мүшесі. Өткен жыл соңында халық өнерінің қас шебері ретінде «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін » атты төсбелгісімен марапатталды.
1970 жылдан осы күнге дейін 30 шақты әр түрлі деңгейдегі облыстық, аймақтық, республикалық, Орта Азия, БҰҰ-ның халықаралық көрмелеріне қатысты. 2002 жылы Қазақстан-Қызылорда облыстық телерадио компаниясы көненің көзіндей, асылдың өзіндей атты Қ. Күлмамбетов жайлы телеочерк көрсетті.
ІУ. «Ағаш өңдеу» бөлімі
Шеберлінің қолында,
Кәсіп болған бұл ағаш.
(Қашаған жырау)
«Қолөнер – сырлы өнер», демекші ағаш өңдеу арқылы шеберлер түрлі ұлттық ғажайып дүниелер жасаған.
Қазақтың ағашты өңдеп, пайдалануы ең алдымен оның көшпенді өмір салтының қажетін өтеуге байланысты болған. Киіз үйдің сүйегі мен есігі, босағасы мен керегесін ағаштан жасаған. Сонымен қатар үй жиһаздары, ас бұйымдарын пайдаланып өрнектеп жасаған.
Дегенмен ата-бабамыз ағашты киелі деп санап, жөн жосықсыз құрта бермеген. Табиғатты аялап, экологиялық тепе-теңдікті сақтап отырған. Ағаштың қасиетін ашатынына жыр жолдарын келтіре кетуге болады. Бір күні Қашаған жырау Есқали деген сопының үйіне келеді. Сопы оның домбырасын көріп, «шайтанның қу таяғы бұл үйге қайдан келді», - деп жақтырмаған сыңай танытады. Сонда Күржіманұлы Қашаған домбырасын ала сала мына бір жырды төпей жөнеледі
Оқушы: «Қолымдағы бұл ағаш» өлеңі.
Мінеки, халқымыз ағаштың әр түрлі қасиеттерін жоғары бағалап, адам тұрмыста тұтынатын әр түрлі бұйымдар жасап, «Әкеден мал қалғанша, тал қалсын», «Бабын тап та бақ өсір» деген нақыл сөздерді бекер айтпаған.
Ағаш шеберлері ағаштан ерекше, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы біледі. Сол ағаш туралы Қорқыт ата айтыпты дейтін жолдарды назарларыңызға ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет