Тақырыбы: Мамандық таңдау маңызды іс


Ұстаз бойындағы қасиеттер



бет4/5
Дата15.03.2024
өлшемі86.58 Kb.
#495653
1   2   3   4   5
Қоскөл ЖОББМ.Мамандық.

Ұстаз бойындағы қасиеттер

Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі икемділікті, білімділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық ұстаздық мамандық деп білемін. Олай дейтін себебім, ұстаздық — біріншіден, адамзат қоғамындағы жинақталған ғылым негіздерінен керегін ала отырып білім беруге, екіншіден үнемі шəкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманына жол сілтеуге, дұрыс бағыт-бағдар беруді мойнына алған маман иесі. Ол – өзінің шəкірттерін, кəсібін, пəнін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын əрекеттерге жетелей отырып, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Ұстаздың осыншама қадір-қасиетке, құрметке бөленуі өзін қоршаған ортамен əрбір шəкіртіне асқан жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында деп білемін. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі мен мəдениетті сөзі, жүріс-тұрысы, жинақты іс-əрекеті, білімі шəкіртке де, ата-анаға да үлкен өнеге.Ұстазға тəн ең бірінші қасиет ол – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-намысын, тұлғасын, жасы кіші екеніне қарамай үлкен адамдарша сыйлау, құрмет тұту деп топшыладым. Ал бұл қасиеттер ұстаздың терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.

Педагог мамандығының болашақтағы дамуы

Білімнің негізін қалап, оны ары қарай ұштай түсуге негізгі себепші болатын ол қандай мамандық иесі? Ол әрине – ұстаз, педагог. Адамның қоғамда тұлға болып қалыптасуында педагогтың маңызы зор. Өйткені педагог дегеніміз – баланың алғаш қоршаған ортамен танысып, қарапайым танымдық қабілеттерінің дамуына жол ашатын мамандық иесі.

Сондықтан қоғамдағы ең маңызды, ең қажетті мамандықтардың бірі ол – ұстаздық, яғни педагог болу. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе, мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Алдына келген баланы тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет