Көп бейінді университеттердің барлығында педагогикалық мамандықтарға дайындайды.(ЖОО) Педагогикалық колледждер (арнаулы орта оқу орындары) Электронды еңбек биржасының деректеріне сәйкес биыл тамыз айында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер 57,5 мың түйіндеме мен 113,1 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарлама орналастырды. Шілде айымен салыстырғанда түйіндемелер саны 20%-ға, ал бос орындар туралы хабарландыру саны 38%-ға артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы (+130%), Жамбыл (+142%) және Маңғыстау (101%) облыстарында жоғары білікті мамандардың, әсіресе орта мектеп мұғалімдері бос орындарының айтарлықтай өсуі байқалды. Тамыз айында кәсіби мамандар арасында белсенділіктің артуы байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 135%-ға (+16,7 мың бірлік), ал түйіндеме 71%-ға (+21,2 мың) артты. Сонымен қатар бұл топ арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар шет тілдері (+1,8 мың), орыс тілі мен әдебиеті (+1,7 мың), сондай-ақ бастауыш сынып пен математика (+1,2 мың) пәндерінің мұғалімдері болды. Сонымен қатар ізденушілер арасында орта мектеп, оның ішінде шет тілі (+1,4 мың), бастауыш сынып (+844), дене шынықтыру (+810) және қазақ тілі (+725) мұғалімдерінің түйіндемелері санының өсуі байқалады. «Өткен айда ұсыныс жоғары білікті кадрлардың белгілі бір мамандықтарына деген сұранысты ішінара қанағаттандырды және осы салада кейбір мамандардың тапшылығы және басқа мамандықтардың артық болуы қалыптасты. Мысалы, жұмыс іздеп жүрген дене шынықтыру және спорт мұғалімдері талап етілгеннен көп болды – 1 269 түйіндемеге 805 бос жұмыс орны, ал 1 180 түйіндемеге қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 788 бос орны ғана келді»
Достарыңызбен бөлісу: |