4-жаттығу. «Нұрлы жүрек»
Сіз орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік. Сізше күркешенің есігі қалай тұр?Ашық па, әлде жабық па?
Жауабы: Ашық есік: сіздің қандай ісіңіз болса да, басқалармен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.
Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да, жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.
«Звездочка на земле» бейнефильм көрсету. Ұстаздар мен ата-аналар өз ойларын айтып шығады. Бейнефильмді «Мейірімділік терегімен» байланыстырып жалғастырамын.
Тренер сөзі: Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз мейірімді, нұрлы иманға толы болсын деген тілекпен тренингімізді жалғастырамыз.
6-жаттығу. «Жұбыңды тап» ойыны.
Ойын шарты: Ортаға 6 адам шығып қағазға жасырылған нәрсені еш сөйлеместен мимика арқылы түсіндіріп, жұбын табады. Ал отырған көрермендер не туралы айтылып жатқанын табуылары қажет.Бәрі қайтадан 2-2-ден жұп болып бөлінеді.
7-жаттығу. Тренингті қорытындылау. Рефлексия Рыленковтың методы бойынша.
Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін не бірнешеуін таңдайсыздар.
Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңізбен көңіл-күйлеріңізді анықтайды.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.
Балан үйрек – мен нақты өзіме ұсыныс алдым.
Ортан терек – маған қиын болда, ұнаған жоқ.
Шылдыр шүмек – менің бағам психологиялық жағдайға берілген баға.
Кішкене бөбек – мен үшін жеткіліксіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |