2-жаттығу. «Әңгіме»
Қазір мен сіздерге бір жас адам туралы әңгіме оқып беремін.
Ертеде бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам алтын медальмен мектепті және халықаралық қатынас институтын бітіреді. Дипломат болады, өзінің күшіне сеніп әлемді өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол өзінің туған қаласына келіп өзінің армандарын іске асырады. Көптеген адамдарға үй салып береді, барлығының материалдық жағдайын жақсартуа күшін аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке орай, әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір сол қалпында, адамдар да сол қалпында. Содан кейін ол адам өзінің отбасы мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз. Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын өзгертеді. Адамдарға деген көзқарасын өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған ортаның өзгергенін таңырқап байқаған екен.
Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»
Ұстаздар жауабы:
3-жаттығу. Ақпараттандыру. «Өзіңді таны»
Барлығымен жақсы қарым-қатынас жасау үшін, бірінші өз-өзімізбен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Бірақ есте сақтау керек, өзіміз туралы көп ойласақ, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру қиын. Кейде өзімізді данышпан деп санаймыз, ал екінші күні өзімізді құбыжық ретінде көретін кездеріміз де болады. Сондықтан да өзімізді танып, қабылдап, өзімізді сүйе білсек, адам шынында да өз-өзінің басшысы болады.
«Біздің өмірімізден», «Мен кіммін?!» жаттығулары. Нұсқаулық: Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек.
Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.
10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.
20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.
Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көресіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |