ІІІ. Жаңа білім меңгеру (10 мин)
Саяхатқа қажетті заттарымызды сатып алдық. Бүгінгі саяхатымыздың маршруты мынадай: MS Access патшалығы құпиялар аралында орналасқан. Саяхатты алдымен «Ғажайып қалам» аралына жетіп, одан әрі қарай қайықпен « аралына» жетеміз. Әр аралға тоқтағанда зәкір тастап отырамыз. «Құпиялар аралында» әр түрлі сұратулар жүргізіп, MS Access патшалығына жетеміз.
Кестелер және оларды құру.
Кесте- жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі. Кестелерде берілгендер сақталады. ДҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Ал кестеде оның өрістері және сол өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады.
Кесте (Таблица) объектісін шерткенде - кестені Конструктор, Шебер немесе Деректерді енгізу тәсілінің бірімен құру ұсынылады
Кесте объектісін құру тәсілдері.
Кестені Конструктор көмегімен құрғанда болашақ кестенің өріс аттары және олардың типтері, қасиеттері сипатталады
Достарыңызбен бөлісу: |