Тақырыбы: Microsoft Access бағдарламасында конструктор режимінде жұмыс Сабақтың мақсаты



бет7/7
Дата03.01.2022
өлшемі132.83 Kb.
#450537
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
378

Логикалық тип (логический)

Тек қана екі логикалық мәні бар – ия/ жоқ немесе ақиқат/жалған немесе 0/1 т.с.с. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы берілген тізімнен таңдап алынады. Қай формат таңдалса да кестеде логикалық өріс қанатбелгілерімен кескінделеді. Қанатбелгіні тышқан нұсқағышымен шертіп «Иә» мәнінде белгісін орнату арқылы, ал «Жоқ» мәнін бос қалдыру арқылы енгізіледі.

Гиперсілтеме (гиперссылка)

Әріптер мен сандардан тұратын және гиперсілтеме адресін білдіретін қатар. Гиперсілтеме адресі келесі бөлімдерден тұрады: өрісте енгізілген мәтін, басқару элементі және URL адреске немесе файлға апаратын жол. Өріске гиперсілтеме адресін қою үшін ВставкаГиперссылка командасын орындаймыз.

Орналастыру шебері (мастер подстановок)

Кестелер арасындағы байланысты орнататын шеберді іске қосу командасы. Бұл негізінен өріс типі емес, өрісті сақтау мүмкіндігі.


IV. Білім алушылардың өзіндік жұмысы (10мин)


1 ТАПСЫРМА. Деректер базасын құру.


1. Жаңа деректер базасын құрыныздар

2. Деректер базасының кестесін құрыныздар.

3. Кестенің өрістерін анықтаныздар №1 кестеге сәйкес

4. Құрылған кестені сақтаныздар.


1 кесте. Деректер кестесі Оқытушылар

Имя поля

Тип данных

Размер поля

Оқытушы коды

Счетчик




Тегі

Текстовый

15

Аты

Текстовый

15

Әкесінің аты

Текстовый

15

Туған жылы

Дата/время

Краткий

Қызметі

Текстовый

9

Пәні

Текстовый

11

Телефоны

Текстовый

9

Еңбек ақысы

Денежный





2 ТАПСЫРМА Деректер базасын толтыру.


1. № 2 кестеге сәйкес кестені толтырыныз.

2. Берілгендердің еніне сәйкес кестенің әр өрісінің енін өзгертіңіз.

3. Кестеде Миронов деген оқытушыны тауып алыңыз.

4. Берілгендерді ауыстырыңыз: ассистент Сергееваның жалақысын 450 000 тг –дан 470 000 теңгеге ауыстырыңыз.

5. Кему бойынша "Туған жылы" өрісінде деректердің сорттау жасаңыз.

6. "Қызметі" және "Пәні" өрістері бойынша деректердің фильтрациясын жасаңыз.


2 кесте.

Код

Фамилия

Имя

Отчество

Дата рожд.

Должность

Дисциплина

Телефон

Зарплата

1

Таниев

Армат

Аманжолович

23.10.65

Доцент

Информатика

110-44-68

190 000 тг

2

Мусанова

Алмира

Бериковна

25.07.74

Профессор

Экономика

312-21-40

220 000 тг

3

Казиева

Нурсулу

Талгатовна

05.12.67

Доцент

Математика

260-23-65

76 000 тг

4

Сергеева

Ольга

Ивановна

12.02.72

Ассистент

Математика

234-85-69

450 000 тг

5

Емец

Татьяна

Ивановна

16.02.51

Доцент

Экономика

166-75-33

500 000 тг

6

Игнатьева

Татьяна

Павловна

30.05.66

Доцент

Информатика

210-36-98

450 000 тг

7

Миронов

Алексей

Николаевич

30.07.48

Доцент

Физика

166-75-33

300 000 тг


V. Сергіту сәті (3мин) Жұмбақтар жасыру

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі

Бір күн бар да, бір күн жоқ

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз екі

(пернетақта, клавиатура, keyboard )



  1. Экранның бетінде тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады
(меңзер, курсор, cursor )


  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек

(монитор, монитор, monitor)




  1. Кемірушіге ұқсайды бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып. Білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның?

(тышқан, мышка, mouse)




  1. Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан,



Ешбір белгі қалмайды
(бос орын, пробел, space)
ҮІ. Бекіту (7мин)


  1. қызметін атаңыз?

  2. Мәліметтер базасы дегеніміз не?

  3. Конструктор режимімен кесте құрылғанда не сипатталады?

  4. Қолтаңба дегеніміз не?

  5. Мәліметтер қорының қай өрісін кілт деп атайды?


Инсерт әдісі

Білемін


Білдім

Білгім келеді











ҮІІ. Бағалау (3мин)

Оқушыларды үй тапсырмасы және жаңа сабақтың бекіту, қорытындылау сұрақтарына жауап беруіне қарай, тапсырмаларды орындаған кезде зәкір (якорьдың суреті) таратамын. Зәкір санына қарап бағалаймын.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: (2мин)

Қайталау. Н.В. Королева, И.Н. Кайдаш «Информатика» 442 бет №1 Зертханалық жұмыс

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет