Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Сұрақтар



бет7/9
Дата22.02.2024
өлшемі42.66 Kb.
#492885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Менинигит Энцефалит

Вассермен симптомы – дәрігер етпетінен жатқан адамның аяғын артқа қарай мүмкіндігінше жазып байқаса,санның алдыңғы жағынан ауырсыну байқалады.
Нери симптомы – басты оқыс иіп қалғанда, бел немес сегізкөз тұсы ауырады.
Үстірт сезімділікті зерттеу
Ауырсынуды сезіну. Дәрігер туйреуіштің ұшымен науқастың денесін симметриялы нуктелер бойымен туртеді. Көзін жұмған науқас шаншудың өткір немесе тұқыл екенін айтып тұрады.
Сипауды сезіну. Дәрігер шашақпен немесе мақтамен сырқаттың денесінің симеттриялы тұстарын сипайды. Сырқат сипағанды сезген-сезбегенін айтып тұрады.
Ыстық-суықты сезіну. Дәрігер 1-не жылы, 2-не суық су құйылған екі пробирканы алады да, кезекпен-кезек сырқаттың денесіне тигізіп көреді. Ол денесіне тиген заттың жылы немесе суық екендігін айтады. Дені сау адам ыстық-суықтың 1-2 градус айыпмасын сезеді.
Терең сезімділікті тексеру
Бұлшық ет-буын сезімі. Дәрігер сырқаттың қолы мен аяғының буындарын әрлі-берлі қозғайды. Көзін жұмып алған сырқат қозғалыстың бағытын (жоғары, төмен, оңға, солға) айтып тұрады.
Кинестетикалық сезім. Дәрігер сырқаттың бетінің немесе денесінің тері қыртыстарын әрлі-берлі қозғайды. Көзін жұмып тұрған сырқат осы қозғплыстың бағытын айтырп тұрады.
Дірілді (вибрцияны) сезіну. Мұны тексеру ушін дәрігер секундына 256 рет тербелетін камертон алады. Дірілдейтін камертонның сирақтары аяқ пен дененің суйектеріне тигізіледі.Сырқат осы дірілді қалай және қанша уақыт сезгендігін айтады.
Салмақты сезіну. Сырқат алақанын жоғары қарата қолын алға созады. Дәрігер оның алақанына әр түрлі садмақтағы таразы тастарын қойып, қайсысының ауыр, қайсысының жеңіл екендігін сұрайды.


Сезімділік курделі турлерін тексеру
Қай жерден тітіркенгенді сезіну. Сырқат екі көзін жұмып тұрып, дәрігердің сипаған немесе жанышқан жерін дәл табу керек.
Ми қатпары қызметі тексеру
Қарапайым және курделі сөйлемдердің мағынасын тусіну. Дәрігер сырқатқа:аузыңды аш,көзіңді жұм,сұқ саусағыңмен оң құлағынды ұста деген сияқты бұйрықтар беріп,оның әрекеттерін бақылайды. (Ахмет Хасеннің артынан келе жатыр) дейді де, (Алда келе жатқан қайсысы?) деп анықтап сұрайды.
Есту қабілетін тексеру. Сырқатқа дыбысталу жағынан ұқсас б-п,п-б,да-та,та-да деген сияқты дыбыстарды естіртіп, қайталауын өтінеді.
Естігенді қайта айтып беру. Дәрігер сырқатқа а,ә,қ,к,б т.с.с. әріптерді, ба, на, ке буындарын, апа, қасық, қаймақ, бота, құлын деген сөздерді айтып, қайталап тұруды сұрайды.
Жуйелі сөйлеуді тексеру. Сырқатқа (Сіз қалай ауырдыңыз?), (өз жұмысыңыз туралы айтып беріңізші?) деген сауалдар қойып,жуйелеп әңгімелеуін өтінеді. Маңайдағы заттарды айтқызады Егер ми қатпары зақымданған болса, сырқаттың сөзі, үні бұзылуы, заттарды айыра алмауы, жуйелі сөйлей алмауы мүмкін.
Оқытып көру. Сырқатқа әріптер, жеке сөздер көрсетіп, қысқа немесе ұзақ сөйлемдер беріп оқытады. Дұрыс оқи алмаса, оны алексия дейді.
Жаздырып көру. Сырқаттың қолына қалам немесе карандаш беріп,сөздер жаздырады, қойылған сауалдарға жауап беруді сұрайды. Адамның жазу қабілетінің бұзылуын-аграфия деп атайды.
Санатқызып көру. Сырқатқа қарапайым есеп амалдарын беріп,шығаруды ұсынады. Сандарды қостырады, алдырады, бөлдіреді немесе көбейттіреді. Есептен жаңылу- акалькулия деп атайды.
Іс-әрекетті тексеру. Дәрігер өз әрекеттерін сырқаттың қайталауын өтінеді, нақты қимыл жасап, айтқан тапсырманы орындатқызып көреді, (сіріңке тұтату,жағаны жөндеу, туймені салу). Егер сырқаттың іс-әрекеті уйлесімсіз болса, мұны апраксия деп атайды.
Туйсіну функциясын зерттеу. Сезімі, көруі, естуі, иіс және дәм сезінуі бұзылмаса да, затты танымайтын болса- агнозия деп есептеледі.
Көру агнозиясы-сырқат көріп тұрған затын танымайды.
Есту агнозиясы-құлағы естіп тұрғанмен сырқат адам дыбыстың мән мағынасын айыра алмайды.сағаттың тықылын,иттің ургенін,машинаның дүрілінін танымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет