XII жұп – тіл асты нерві. Сырқат тілін шығаруға тиіс. Тіл түзу тұр ма, жоқ па, тіл дірілдеп тұрған жоқ па дәрігер соған назар аударады. Жаңылтпаш айтқызу тәсілімен тілдің артикуляциясы тексеріледі. Тіл асты нервінің зақымдануы тілдің зақымданған жақ бөлігінің салдануына, тілді шығарғанда зақымданған жағына қарай қисайып тұруына әкеліп соғады. Ми қыртысы ядро байланыстары бұзылса, тілдің зақымданған жаққа қарсы бөлігінде орталықтан сал болады. Мұндайда ауыздан шығып тұрған тіл әлсіз жаққа қарай қисаяды, дизартрия құбылысы байқалады, бірақ бұлшық еттер сембейді.
Қимыл-әрекет мушелері
Сырқатты жүргізіп көру. Нерв жуйесі зақымданған жағдайда адамның журісі өзгереді. Мишық зақымданғанда –атактикалық журіс, сіреспелі парапарез жағдайында –спастикалық журіс, спастикалық гемипарезде – гемипарездік журіс, аяқ ұшы парезінде - өкшені қадап немесе шоқалақтап журу, жамбас бұлшық етінің парезінде уйрекше байпаңдап журу байқалады.
Белсенді әрекет көлемін және бұлшық еттер кушін тексеру. Сырқат басын еңкейтіп-шалқайтады, қолдарын жоғары көтеріп, төмен тусіріп, екі жаққа созады, қолдарды қарынан, жіліншік буынынан бүккізеді, алақанды жұмғызып, жұдырық туйгізеді және қайта жаздырады. Осы әрекеттердің барысында сырқаттың бұлшық еттерінің қаншалықты дәрежеде жұмыс істейтіні байқалады. Сонымен бірге бұлшық еттердің куші қоса тексеріледі. Мысалы, сырқат қолын қарынан бүгіп, дәрігерге бүгілген қолды кушпен жазуға қарсылық білдіреді. Бұлшық еттердің куші 5 ұпай жуйесімен бағаланады. Қозғалыс жоқ болса-0, Қозғалыс болар-болмас болса-1, көлемі шағын, белсенді әрекеттер болса-3, көлемі толық, белсенді әрекет жағдайында куш біраз азайған болса-4, қимыл-әрекет негізгі қалпынан ауытқымаған болса-5 ұпай белгіленеді.
Ал,парез жеңіл болса, оны анықтау ушін Барре тәсілі қолданылады: шалқасынан жатқызып, қолдары мен аяқтарын көтеріп, ұстап тұрады. Әлсіреген қол немесе аяқ өзгелерден бұрын төмен тусіп кетеді.
Гиперкинездің турлері: тремор-қысқа жиіліктегі діріл; паркинсонизм жағдайындағы діріл; селкілдеп дірілдеу; хорея, атетоз, гемибаллизм, торзион дистониясы, миоклония, тик; дірілдеп тарту; сіресу; белгілі бір бұлшық еттің тартылып қалуы.
Қозғалыс-әрекетті уйлестіру,тепе-теңдік және синегрия жағдайлары Ромберт, саусақ-мұрын, өкше-тізе, адиадохокинез, Стюарт-Холмс және Бабинский тәсілдері көмегімен тексеріледі.
Қозғалыстың уйлесімсіздігі және синергиясы атаксия деп аталады.Мишық атаксиясы мишықтың зақымдалуы және оның байланыстарының бұзылуынан болуы мүмкін. Бұл дерттің нышандары мынандай: мас адамша теңселіп жүру,ромберг кейпінде тұра алмауы, алдыңғы затта дәл ұстай алмауы, қашықтықтан жаңылуы, саусағын мұрнының ұшына тигізгенде дірілдеуі, сөзінің узіліп-узіліп қатты шығуы, адиадохокинез, нистагм, мегалография, бұлшық ет тонусының төмендеуі, Бабинскийдің асинергиясы, Стюарт-Холмс тәсілімен тексергенде кері тебу симптомы. Бұл симптоматикаға көзбен бақылау онша әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |